Павлодар облысының жасыл екпелеріндегі терек (Populus L.) жапырақтарының минерлері
Қаралымдар: 141 / PDF жүктеулері: 50
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7034-2025-151-2-62-75Кілт сөздер:
жапырақ минері, Populus L., зиянкес, Stigmella trimaculella, Phyllonorycter sagitella, Phyllonorycter populifoliella, Phyllocnistis labyrinthellaАңдатпа
Мақалада Павлодар облысының жасыл екпелеріндегі терек (Populus L.) жапырақтарының минерлері жан-жақты қарастырылады. Жапырақ минерлері бұл жапырақтардың эпидермалды қабаттарымен қоректенетін кейбір күйе көбелектер, шыбындар, қоңыздардың т.б. дернәсілдері. Олардың көпшілігі орман шаруашылығының, мәдени және тауарлық бау-бақшаның, жалпы ауыл шаруашылығының т.б. зиянкестері болып табылады. Зерттеу жұмыстары 2019-2022 жж. аралығында Павлодар облысының Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында, сондай-ақ Железинка, Көктөбе, Ақтоғай ауылдарында жүргізілді. Зақымдалған жапырақтар табиғи және жасанды екпелерде – саябақтар мен бақтарда, алаңдар мен қала көшелерінде жиналынды. 2019-2022 жж. аралығында Павлодар облысын зерттеу барысында теректің 5000-ға жуық жапырақтары зерттелді. Зерттеу барысында өңірде Nepticulidae және Gracillariidae тұқымдастарына жататын терек минерлерінің 4 түрі анықталды. Олар келесідей 3 туысқа жіктеледі: Stigmella Schrank 1802, Phyllonorycter Hubner 1822 және Phyllocnistis Zeller 1848. Қазіргі таңда минерлер қауымдастығына кіретін организмдердің әсері экономика мен қоршаған ортаға жаһандық қауіп төндіреді.