Батыс Қазақстан облысы Январцев орман шаруашылығыны жайылмалы емендi ормандарының флоралық әртүрлiлiгi


Қаралымдар: 8 / PDF жүктеулері: 4

Авторлар

  • Т.Е. Дарбаева М.Өтемiсов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттiк университетi
  • А.А. Беркалиева М.Өтемiсов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттiк университетi

Кілт сөздер:

зерттеу аймағы, кәдiмгi емен, емендi ормандар, талдау, емен қауымдастығы, флора, зерттеу қорытындысы

Аңдатпа

Мақалада Январцев орман шаруашылығындағы Жайық өзенiнiң ортаңғы   ағысы жайылмалы емендi ормандарының флоралық әртүрлiлiгi қарастырылған. Январцев   орман шаруашылығындағы емендi ормандардың көлемi 1037 гектарды құрайды. Зерттеу   объектiсi болып кәдiмгi емен және емен қауымдастықтары алынды.   Дәстүрлi әдiстемелер (А.Н.Шенников, Б.А.Быков, А.И.Толмачев, А.З.Петренко) бойынша   емендi-қияқ-өлеңдi, емендi-бүлдiргендi, емендi-жиреншелi, емендi-меруертгүлдi, емендi-   әртүрлi шөптесiн қауымдастықтар зерттелдi.   А.З.Петренко (1964), П.Г. Пугачев (1967),   М.В.Мамышева (2014) зерттеген. 2018 жылдан бастап 2019 жылға дейiн 30 тұқымдас   Жайылмалы емен қауымдастықтарын   Ф.Х.Гимадиева (2002), Т.Е.Дарбаева,   және 61 туысқа бiрiктiрiлген 72 өсiмдiк түрiнен тұратын емен қауымдастығын зерттедiк.   Емен қауымдастығына жасалған биоморфологиялық талдау нәтижесi көпжылдық поликарптi   шөптесiн өсiмдiктер (67%) басым екенiн көрсеттi, сондай-ақ ағаш тектес түрлер де (25%) айқын   байқалады. Экологиялық талдау мезофит (68%) және мезоксерофит (17%) түрлердiң үстем   екенiн көрсетедi. Фитоценоздық талдау ормандық (35%) және шалғындық (29%) түрлердiң   доминант екенiн көрсеттi, ал далалық (19,4%) түрлер үлесi аз. Географиялық талдау бойынша   емен қауымдастығында голарктикалық (57%) және еуропалық (24%) түрлердiң басым екендiгi   көрiнедi. Себебi бiздiң аймақ голарктикалық патшалыққа жақын орналасқан. Январцев   орман шаруашылығы Кирсанов зоологиялық мемлекеттiк қорықшасы аумағында орналасқан,   сондықтан дәрiлiк (25%) түрлер басым, екiншi орында мал азықтық (21%) және cәндiк (17%)   түрлер кездеседi. Яғни қорықтық режим жоғарыда көрсетiлген түрлердiң болуына жақсы   әсер етуде. 

Жүктеулер

Скачать XML

Жарияланды

2026-06-06

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Дарбаева, Т., & Беркалиева , А. . (2026). Батыс Қазақстан облысы Январцев орман шаруашылығыны жайылмалы емендi ормандарының флоралық әртүрлiлiгi. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 129(4), 81–88. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/980

Журналдың саны

Бөлім

Статьи