Plasmopara halstedii изолятының молекулалық идентификациясы және Қазақстанда күнбағыс будандарының 330-расасына төзімділігін бағалау
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7034-2026-156-3-114-130Кілт сөздер:
Plasmopara halstedii, күнбағыс, Жалған ақ ұнтақ, 330-расасы, молекулалық идентификация, төзімділік, күнбағыс будандарыАңдатпа
Plasmopara halstedii оомицеті күнбағыстың жалған ақ ұнтақ инфекциясының қоздырғышы, ол расалық идентификациялау, қазақстандық күнбағыс будандарының қоздырғышқа төзімділігін бағалауда үлкен рөл атқарады. Зерттеудің өзектілігі аурудың жоғары зияндылығына және қоздырғыш популяциясының расалық құрамының өзгергіштігіне байланысты. Картоп-глюкозалы агарға күнбағыс көшеттерін қосып, in vitro жағдайында өсіру арқылы, қоздырғышты бөліп алу жүзеге асырылды. Молекулалық идентификация ПТР және одан кейінгі секвенирлеуді қолдана отырып, 28S рДНҚ учаскесін талдау негізінде жүргізілді. Расалық идентификация бақыланатын жағдайларда дифференциалды күнбағыс линияларын жасанды түрде жұқтыру әдісімен анықталды. Морфологиялық және молекулалық-генетикалық талдаудың нәтижелері изоляттың Pl. halstedii түріне жататындығын растады. Дифференциалдық линиялардың реакциясы негізінде зерттелінген изолят 330-расасына жататыны анықталды. Скрининг нәтижесінде қазақстандық селекцияның 70 күнбағыс буданының ішінде сезімтал генотиптердің басым болуы және төзімді формалардың санының шектеулі екені анықталды. Алынған нәтижелер Pl. halstedii-дің 330-расасының Шығыс Қазақстан облысында таралғанын және тұрақты фитопатологиялық мониторинг жүргізу қажеттілігін көрсетті. Анықталған төзімді генотиптер күнбағыстың ЖАҰ ауруына төзімділігін арттыруға бағытталған селекциялық бағдарламалар үшін практикалық қызығушылық тудырады.





