Мұғалжар диатомитiнiң әртүрлi үлгiлерiне салыстырмалы сипаттама
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
диатомиттiң химиялық құрамы, атомдық-эмиссиялық спектралдық әдiс, дәндер праймингi, кремнийдiң қозғалмалы түрлерi, қышқылда еритiн кремний, моносалицил қышқылыАңдатпа
БерiлгенжұмыстаАқтөбеоблысындағыМұғалжаркенорнынаналынғандиатомиттiңәртүрлiүлгiлерiне
сипаттама берiлген. Диатомиттiң химиялық құрамын және ондағы элементтердiң пайыздық қатынастарын анықтау үшiн
сканерлi электрондық микроскопия қолданылды. Алынған мәлiметтер диатомиттiң барлық үлгiлерiнде элементтердiң
түрлерiнiң бiрдей, бiрақ олардың мөлшерiнiң әртүрлi болатынын көрсеттi. Негiзгi элемент Si (кремний) екенi және
оның мөлшерi 30- 40%-ке жететiнi анықталды. Кремнийдiң қозғалғыш түрi диатомиттiң С үлгiсiнде анықталды және
оның мөлшерi моносалицил қышқылының мөлшерiне сәйкес болып шықты. Дәндердiң өнуi мен өркендердiң дамуын
зерттеу үшiн дәндердi себер алдында праймингпен өңдеуге қажет диатомиттiң судағы суспензиясының концентрациялары
оңтайландырылды. Алынған нәтижелер диатомиттiң С үлгiсiнiң суспензиясында праймингтен кейiн дәндердiң өну
пайызы 100-ге жеттi және өркендердiң тұздану мен құрғақшылыққа төзiмдiлiгi жоғарылады.






