TBSV P19 ақуызы Solanum lycopersicum өсiмдiгiнiң салицил қышқылымен белсендендiрiлетiн қорғаныс меғанизмiнiң триггерi ретiнде
Қаралымдар: 15 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
TBSV, P19 ақуызы, Solanum lycopersicum, салицил қышқылы, PR протеиндерiАңдатпа
Бүгiнде вирус пен оның қожайын өсiмдiгi арасындағы өзара әрекеттесуiн зерттеу үлкен қызығушылық
тудырады. Сол себептi осы мақалада TBSV-инфекциясы кезiнде Solanum lycopersicum (қызанақ) өсiмдiгiнiң салицил
қышқылымен байланысты қорғаныш механизмдерiнiң белсендiрiлуiнде вирустық Р19 ақуызының рөлiн зерттелдi.
TBSV инфекциясы кезiнде Solanum lycopersicum Money Maker сұрыбында ешқандай ауыру белгiлерi байқалған жоқ.
P19 ақуызының Solanum lycopersicum Money Maker сұрыбында салицил қышқылы арқылы туындайтын қорғаныс
механизмiн белсендiретiн қосымша ролi анықталды. Алынған нәтижелер вирусқа төзiмдi өсiмдiктер сұрыптарын алу
үшiн көмектеседi.






