Бiр мезгiлдегi абиотикалық жане биотикалық стресстiк факторларға жауап ретiндегi өсiмдiктегi тотығу жарылысы
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
тотығу жарылысы, абиотикалық факторлар, биотикалық факторлар, оттегiнiң белсендi формалары, вирустық инфекцияАңдатпа
Оттегiнiң белсендi формалары антиоксиданттар көмегiмен жойылатын аэробты метаболизмнiң зиянды
қосымша өнiмдерi болып саналады. Алайда өсiмдiктер оттегiнiң белсендi формаларын сонымен қатар апоптоз,
абиотикалық стресске жауап және патогендерден қорғаныс секiлдi процестердi бақылауға қажеттi сигнал молекулалары
ретiнде де белсендi түрде түзедi. Оттегiнiң белсендi формалары мөлшерiнiң артуымен жүретiн тотығу жарылысы
абиотикалық және биотикалық факторларға жауап ретiнде орын алады. Температура және патогендер себебiнен
туындайтын тотығу жарылысына арналған зерттеу жұмыстары жеткiлiктi болғанымен, аталған факторлардың бiрiккен
әсерi әлi де белгiсiз болып отыр. Бұл шолу абиотикалық және биотикалық факторлардың бiрiккен эффектiсiнiң өсiмдiктегi тотығу жарылысына әсерiн қарастырады және бiрнеше стресстiк факторларға жауап ретiндегi молекулалық
өзара әрекеттердiң механизмiн ашуға көмек бередi.






