Агробиондардың күл-көміртекті препаратын енгізу кезінде майлы зығырдың өнімділігі және қарапайым чернозем микробиоценозы
Қаралымдар: 150 / PDF жүктеулері: 0
Аңдатпа
Қазақстан аумағында табиғи ресурстарға, атап айтқанда, топырақ жамылғысына антропогендік әсер жыл сайын артып келеді, бұл оның тозуына әкеледі. Сонымен қатар, республиканың топырағында қарашірік құрамының, қоректік заттардың қолжетімді формасының төмендеуі байқалады, оның салдары ауыл шаруашылығы дақылдары өнімділігінің күрт төмендеуіне әкеледі. Осыған байланысты еліміздің топырақ ресурстарының тұрақты биоөнімділігінің сақталуына алаңдаушылық күшейе түсуде. Қазіргі проблемаларды шешу үшін мемлекет тарапынан топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және топырақ ресурстары мен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі туындайды.
Ғаламдық және Ұлттық экологиялық проблемалардың бірі өндіріс қалдықтарының жиналуы болып табылады. Күл шлактар қалдықтары қауіптілігі жағынан бесінші сыныпқа жатады (іс жүзінде қауіпсіз) және олар ауыл шаруашылығы үшін тыңайтқыш ретінде қолданылады әрі экология үшін үлкен маңызға ие, өйткені ол қалдықтарды кәдеге жаратуға ықпал етеді.
Мақалада күл шлак және техникалық көміртегінен алынған препаратты қолдану дозаларының кәдімгі қаратопырақтың биологиялық белсенділігіне және майлы зығырдың өнімділігіне әсерін зерттеу нәтижелері келтірілген. Тәжірибелер Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің "Элит" оқу-ғылыми-өндірістік орталығының тәжірибелік алаңында өткізілді. Топырақтың микробиологиялық белсенділігі зығыр төсімшелерін апликациялау әдісі арқылы анықталды. Күл шлактан және техникалық көміртектен өндірілген препаратты енгізу кәдімгі қара тоыпарақтағы микробиологиялық процестерді белсендіруге және майлы зығырдың өнімділігін арттыруға ықпал ететіні анықталды.