Салицил қышқылының өсімдік қорғаныс механизміндегі рөлі
Қаралымдар: 236 / PDF жүктеулері: 206
Аңдатпа
Қоршаған ортаның ластануы және климаттың өзгеруі өсімдіктерге кері әсер етеді. Ауылшаруашылық секторындағы әлемдік азық-түлік өндірісіне сұраныстың артуы белгілі қоздырғыштарға қарсы ауруларды бақылаудың жаңа әдістерін жасау үшін шешуші қозғаушы күш болып табылады. Өсімдіктер патогендерге қарсы тұра алатын арнайы құрылымдарға, химиялық заттарға және күрделі қорғаныс механизмдеріне ие. Осы қорғаныс тетіктері мен жолдарын түсіну дақылдарды аурудан қорғаудың инновациялық тәсілдерін жасау үшін өте маңызды. Өсімдіктердің күйзелісін өсімдікке сигнал беруіне қатысатын салицил қышқылын қолдану арқылы азайтуға болады.Салицил қышқылы патогенетикалық гендердің экспрессиясын және жергілікті және жүйелі жүре пайда болған қарсылыққа қатысатын қорғаныс қосылыстарының синтезін индукциялайды. Осы себепті салицил қышқылын қоздырғыштарға, ауыр металдарға қарсы, тұз стрессіне қарсы қолдануға болады. Қолданылатын салицил қышқылы стресске ұшыраған өсімдіктерде фотосинтезді, өсуді және әртүрлі морфологиялық, физиологиялық және биохимиялық механизмдерді күшейтеді. Бұл мақалада біз экзогендік салицил қышқылын бактериялық, саңырауқұлақ және вирустық ауруларды жеңілдету үшін қолдануды қарастырамыз.