Табиғи биогеоценоздар мен техногендік аумақтардағы Lumbricidae түрлік құрамына экологиялық-фауналық талдау
Қаралымдар: 206 / PDF жүктеулері: 224
Кілт сөздер:
жауын құрттары, экологиялық-фауналық талдау, түрлік құрам, маусымдық динамика, Іле АлатауыАңдатпа
Жауын құрттары топырақ мезофаунасының негізгі бөлігін құрайды және органикалық заттардың өзгеруінде, педосфераның қалыптасуында, экожүйелердегі зат, энергия және ақпарат ағындарын реттеуде маңызды рөл атқарады. Бұл зерттеу жұмысында Іле Алатауының тау бөктеріндегі қалалық және қала маңындағы экожүйелердегі жауын құрттарының түрлік құрамы зерттелді. Жұмыс нәтижесінде Oligochaeta класындағы Lumbricidae тұқымдасының 11 түрі анықталды. Республикамызда олардың 6 түрі: Aporrectodea rosea, Lumbricus rubellus, Lumbricus castaneus, Octolasion lacteum, Dendrobaena octaedra және Aporrectodea caliginosa кең таралған. Lumbricus тұқымдасы зерттелген аумақтардағы даралар саны бойынша ең көп таралған. Техногендік және табиғи биогеоценоздарда жауын құрттарының түрлік құрамының айтарлықтай айырмашылықтары анықталды. Бірақ, екі экожүйеде де абсолютті доминанттар люмбрицидтер болып табылады. Жауын құрттарының түрлік құрамымен қатар, маусымдық динамикасы да зерттелді, олардың максималды белсенділігі температура мен ылғалдылықтың ең қолайлы арақатынасында байқалды.