Бетегелі-лерха жусанды қауымдастықтағы (Artemisia lerchiana, Festuca valesiaca) өнімділік процесі
Қаралымдар: 89 / PDF жүктеулері: 123
Кілт сөздер:
қауымдастық, жасыл масса, қураған бөлім, төсеніш, азот және күл элементтерАңдатпа
Мақалада бетегелі-лерх жусанды (Artemisia lerchiana, Festuca valesiaca) қауымдастықтағы өнімділікті, өнімділік-деструкциялық үрдістердің қарқындылығы және өсімдік-топырақ жүйесіндегі азот және күл элементтерінің биологиялық айналымын Халықаралық қабылданған биологиялық бағдарламаға сәйкес жүргізген зерттеу нәтижелері берілген. Зерттеу аймағы Батыс Қазақстанның Орал маңы үстіртінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі толқынды-жазықты қоңыржай құрғақ далалы Елек өзенінің аңғарына қарай еңкіш келген Шелек ауданындағы Қоншыбай сайындағы қара-қоңыр карбонатты-сортаңды топырағында орналасқан. Зерттелген аймақтағы қауымдастықтар жайылымдық және мал азығы шаруашылығында өте маңызды. Бірақ соңғы кездегі антропогендік факторлардың әсерінен өсімдіктер қауымдастықтарында өсімдік және топырақ жамылғысы өзгеріске түсіп, өсімдік түрлерінің алуандылығы азайды. Биологиялық өнімділік төмендеп, химиялық элементтердің айналымы өзгеріп, мал азықтық маңызы бар өсімдіктерді арам шөптер алмастыруда. Бетеге-лерх жусанды қауымдастық орташа деңгейде шөлейттенген, орташа дигрессиялық деңгей тән. Бұл қауымдастықтарда түр алуандығы 70% дейін төмендеген, мал азықтық маңызы бар өсімдіктер азайып, оларды мал азықтық құндылығы жағынан нашар және зиянды өсімдіктер алмастырған. Бұл қауымдастықты тиімді пайдаланудың нәтижесінде қайтадан қалпына келтіруге болады.