Бурабай бағының лихенофлорасындағы Cladonia түрлерін зерттеу


Қаралымдар: 28 / PDF жүктеулері: 52

Авторлар

Кілт сөздер:

Бұрабай ұлттық бағы, лихенофлора, Кладония тұқымдасы, Кладония түрлері

Аңдатпа

Бурабай ұлтық бағының лихенофлорасын зерттеу жұмыстары  2018-2022 жылдары көктем, жаз, күздің соңғы  мезгілдерінде маршрутты экспедиция арқылы жүргізілді. Ғылыми  зерттеу жұмысының мақсатына байланысты ұлттық  бақ  11 участокқа бөлініп зерттелді. Зерттеу обьектісі ретінде  алынған қына түрлерін карталау схемасын  қолдану әдісі арқылы  Cladoniaceae тұқымдасының 18 түрі алынған 11  участоктың  тек  7 участогінде ғана өсетіндігі анықталды.  Бұлардың  арасында  Cladonia fimbriata, C. pyxidata, C. Cenotea, C. tenius, C. sulvatica, C. gracilis, C. alpestris  түрлері картада  бірнеше участоктарда кездесуіне  байланысты  белгіленді. Маршрутты зерттеу кезінде қына түрлерінің кездесу жиіліктері,  экологиясы, тірішілік  формасы және көбею ерекшеліктері қарастырылды. Кладония түрлерін анықтауда анықтағыштармен қатар, сканерлік  электронды микроскоп (JSM) қолданылды. Кладония тұқымдасына жататын 18 кладония түрлерінің  арасында Коккифера  кладониясы  (Cladonia coccifera) зерттеу  участоктарының  арасында Золотобор участогінде бірнеше дарақтары ғана кездесті. Осыған байланысты Коккифера кладония түрі Бурабай ұлттық бағының аумағында  кездесу жиілігі өте төмен және қорғауды қажет ететін түр ретінде алынды. Бурабай  бағының осы  аймақта  қоныстанған эпигейлі Алпестрис кладония (Cladonia alpestris) түрі подецияларының үлкен аумақтарға таралып өсуіне байланысты, осы туысқа  жататын  басқа түрлермен салыстырғанда  ұлттық бақтың барлық участоктарында  дерлік  өсетіндігі  анықталды. Бұл  олардың подеция  талломаларының  топырақ  бетінде  бос орналасуы Cladonia alpestris  түрінің негізінен  вегетативтік жолдарымен  көбею ерекшеліктеріне байланысты екендігін көрсетті. Осыған орай Алпестрис кладониясы (Cladonia alpestris) Бурабай ұлттық бағында өсетін  кладонияның басқа  түрлерімен  салыстырғанда доминантты түр ретінде қарастырылды.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-15

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Букабаева, Ж., Силыбаева, Б., Ахметжанова, А., & Ануарбекова, А. (2024). Бурабай бағының лихенофлорасындағы Cladonia түрлерін зерттеу. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 146(1), 55–75. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/268

Журналдың саны

Бөлім

Статьи