Қазақстандағы картоп вирустары және вируссыз тұқымдық материал алу әдістері
Қаралымдар: 245 / PDF жүктеулері: 197
Кілт сөздер:
картоп, вирустар, PVM, PVS, PVX, PVY, PLRVАңдатпа
Картоп (Solanum tuberosum L.) дүние жүзіндегі, оның ішінде Қазақстанда да негізгі азық-түліктердің бірі болып табылады. 2021 жылы республика бойынша картоп өнімділігі гектарына небәрі 20 тоннаны құрады, бұл өте төмен көрсеткіш. Қазақстанда картоп өнімінің жеткіліксіз болуының басты себептерінің бірі – тұқымдық материал сапасының төмендігі, ал жоғары сапалы тұқымдық материалға қойылатын басты талап – вирустық аурулардың болмауы. Дақылдардағы вирустық аурулары картоп өндірісінің тұрақты өсуіне үлкен кедергі болып табылады, өйткені олар дақылдардың саны мен сапасына үлкен шығындар әкеледі. Бүгінгі күні әлемде картоптың вирустық ауруларының 40 түрі анықталған. Вирустық аурулар картоп өнімділігін 90%-ға дейін төмендетуі мүмкін. Бұл шолуда біз Қазақстандағы картоптың вирустық ауруларының қазіргі жағдайын егжей-тегжейлі талқыладық, сонымен қатар еліміздегі PVM, PVS, PVX, PVY, PLRV сияқты ең көп таралған картоп вирустарын сипаттадық. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және вирустық аурулар инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында тұқымдық және егістік материалдағы картоп өсімдігінің вирустарын ерте анықтаудың танымал әдістері (ИФА, КТ-ПТР және микрочиптерді қолдану арқылы нақты нысаналардың түрлерін анықтау) қарастырылды. Вируссыз картоп өсімдігін жаппай өндіру үшін уақытша иммерсиялық биореакторларды қолдану, сонымен қатар кең таралған вирустық ауруларға төзімді өсімдік сорттарын алу үшін заманауи гендік инженерия әдістерін қолдану талқыланады.