Көпфункционалды гомоолигомерлердің парадоксы: оларды оқшаулау әдістері және функционалдық белсенділікті реттеу механизмдері
Қаралымдар: 84 / PDF жүктеулері: 108
Кілт сөздер:
гомоолигомерлер, функционалдық белсенділік, кристаллиндер, «Moonlighting proteins»Аңдатпа
Қазіргі уақытта «Moonlighting proteins» деп те аталатын көпфункционалды гомоолигомерлер бір полипептидтік тізбекте бірнеше биохимиялық немесе биофизикалық функцияларды орындау қабілетімен сипатталады. Бұл жағдайда функциялардың көптігі гендердің бірігуіне немесе бірнеше протеолитикалық фрагменттерге байланысты емес. Бүгінгі күні көптеген функциялары бар ақуыздарды қамтитын осы кластағы бірнеше жүздеген ақуыздар анықталды. Кейбіреулері катализ үшін белсенді орталықты, ал басқа ақуыздармен әрекеттесу үшін ақуыз бетінің басқа бөлігін пайдалану арқылы биохимиялық реакциялар каскадына қатысады. Олардың көпшілігі патологиялық жағдайлардың дамуына қатысады, сондықтан мұндай ақуыздардың орналасуын өзгертудің құрылымдық және функционалды ұйымдастырылуы мен механизмдері туралы мәліметтер әртүрлі патологиялардың алдын-алу және емдеу саласында өте қажет болуы мүмкін.