Жайық өзені аңғары қара теректі орманды алқабының макромицеттер алуантүрлілігі


Қаралымдар: 130 / PDF жүктеулері: 188

Авторлар

  • А.Н. Сарсенова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi
  • С.А. Абиев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi
  • Т.Е. Дарбаева М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Кілт сөздер:

қара теректі орманы, өзен аңғары, макромицет, биолауантүрлілік, Жайық өзені

Аңдатпа

 Батыс Қазақстан облысы шегіндегі Жайық өзені аңғары микобиотасы макромицеттерінің түрлік құрамын анықтауға бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстары 2019-2021 аралығында облыстың орманды алқаптарында жүргізілді. Далалық зерттеу жұмыстары негізінде облыс ормандарының негізгі орман құраушы түрі болып табылатын қара теректі (Populus nigra) ормандарында алғаш рет микологиялық талдау жүргізілді. Жайылма ормандарындағы қара теректі орман түзуші негізгі қауымдастықтарға геоботаникалық сипаттама да берілді. Зерттеу аймағы екі ірі Евразиалық-далалық және Сахара-Гобилік шөлейтті ботаникалық-географиялық зонада, голарктикалық патшалық, бореальдық және ежелгіжерортатеңіздік екі патшалықтармақтың шекарасында орналасқан. Жоғарыда аталған орман алқаптарының қалпақшалы саңырауқұлақтар биотасында алғаш рет Agaricomycetes класына жататын 7 қатар, 19 тұқымдас және 32 туысқа біріккен 42 макромицеттің түрі анықталды. Жетекші тұқымдастарды Agaricaceae, Boletaceae, Polyporaceae, Russulaceae құрайды. Экологиялық-трофикалық талдау нәтижелері микобиотада ксилотрофтар басымдық танытатындығын көрсетті, олар - 18 түр (42,9%), топырақтық сапротроф - 13 түр (31%) болса, микориза түзушілер - 11 түрді (26,1%) құрады. Зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, макромицеттердің түрлік құрамына өңірдің географиялық орналасуы, Жайық өзенінің геоморфологиялық құрылымы, жер бедерінің ерекшеліктері, сондай-ақ осы аумақтың топырақ-климаттық және гидрологиялық жағдайлары зерттеу нысанының әртүрлілігіне айтарлықтай әсерін тигізетіндігін негіздей аламыз.

Зерттеу аймағынан жиналып, анықталған макромицеттердің таксономиялық құрамы бұл аймақ үшін алғаш рет берілді.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-04-11

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сарсенова, А., Абиев, С., & Дарбаева, Т. (2023). Жайық өзені аңғары қара теректі орманды алқабының макромицеттер алуантүрлілігі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 142(1), 111–123. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/333

Журналдың саны

Бөлім

Статьи