Солтүстік Қазақстандағы жануарлар популяциясының құрылымына өнеркәсіптік ластанудың әсері


Қаралымдар: 89 / PDF жүктеулері: 149

Авторлар

  • А.Н. Заканова Торайғыров университеті
  • Н.Т. Ержанов Торайғыров университеті
  • Ю.Н. Литвинов Ресей Ғылым академиясының Жануарлар систематикасы және экологиясы институты
  • З.М. Сергазинова Торайғыров университеті

Кілт сөздер:

ұсақ сүтқоректілер, өнеркәсіп қалдықтары, алуантүрлілік, түрдің таралуы, түр байлығы

Аңдатпа

Зерттеу Павлодар облысының аумағында 2021 жылдың көктемгі-жазғы кезеңінде жүргізілді. Популяциялар саны, ұсақ сүтқоректілердің жынысы мен жасы зерттелді. Павлодар алюминий және Қазақстан электролиз зауыттарының маңындағы техногенді аумақта Геро қысқыштары мен конустары бар аңшылық жырашықтар пайдаланылды. Зерттеуге 173 жануар, оның ішінде 104 фондық учаскелердегі және 69 техногендік аумақтардағы сүтқоректілер алынды. Жануарлар кеміргіштер мен жәндікқоректілер отрядтарының 15 түріне жатады. Зерттеу нәтижесінде антропогендік факторлар әсеріне ұшыраған учаскелерде түр байлығының (<0,695) және алуантүрліліктің (<0,228) төмендеуі, Microtus gregalis (42) және Sicista subtilis (26,1) басым болуы байқалды. Sicista subtilis мен Microtus gregalis зауыттарға жақын жерлерде көбеюге қатысатын еркек тышқандардың саны (67%) бақылаумен салыстырғанда (33%) артқаны байқалды. Бақылау учаскелерінде ұрғашы жыныстық жағынан жетілген дарақтар техногенді дарақтарға (58%) қарағанда аз (42%) болды. Аналықтардың ұрықтылығы (эмбриондар саны) бақылау учаскесінде (±5,28) техногендік аймақпен (±6,1) салыстырғанда төмен.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-03-28

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Заканова, А., Ержанов, Н., Литвинов, Ю., & Сергазинова, З. (2022). Солтүстік Қазақстандағы жануарлар популяциясының құрылымына өнеркәсіптік ластанудың әсері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 139(2), 15–28. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/370

Журналдың саны

Бөлім

Статьи