Қазақстандағы Rosa L. тұқымдасының жабайы өсімдіктерінің биоәртүрлілігін зерттеу және олардың молекулярлық-генетикалық идентификациясы


Қаралымдар: 152 / PDF жүктеулері: 272

Авторлар

  • А.П. Муранец Ұлттық биотехнология орталығы
  • А.К. Есимсеитова Ұлттық биотехнология орталығы
  • Д.А. Дюсембекова Ұлттық биотехнология орталығы
  • А.С. Нұртаза Ұлттық биотехнология орталығы
  • Қ.Р. Қалыбаев Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
  • К.З. Кожанов Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
  • А.А. Какимжанова Торайғыров университеті

Кілт сөздер:

Rosa L., систематика, биоәртүрлілік, сәйкестендіру, rbcL, филогения

Аңдатпа

Биологиялық әртүрліліктің төмендеуі қазіргі уақыттағы негізгі мәселелердің арасында өте маңызды орын алады. Жабайы өсімдіктер генетикалық ресурстардың көзі ғана емес, сонымен қатар экономика үшін де маңызды. Қазақстандағы ең маңызды жеміс өсімдіктерінің ішінде Rosa L. тұқымдасының жабайы түрлері бар. Итмұрын түрі (Rosa L.) роза гүлділер тұқымдасының көпжылдық өсімдіктеріне жатады. Қазақстанда жабайы итмұрынның 20-дан астам түрі өседі. Қазіргі өсімдік шаруашылығында итмұрын  дәрілік, тағамдық және сәндік өсімдік ретінде қолданылады. Түр құрамын, оның морфологиялық және генетикалық сипаттамаларын анықтау өсімдік ресурстарын ұтымды пайдаланудың негізі болып табылады. Мақаланың мақсаты өсімдіктердің морфологиялық сипаттамалары мен олардың молекулалық генотиптеріне негізделген Rosa L. тұқымдасының өсімдіктерінің биоәртүрлілігін зерттеу болды. Зерттеуде біз өсімдіктердің 6 түрін анықтадық: Rosa kokanica (Regel) Regel ex Juz., Rosa spinosissima L., Rosa majalis Herrm. (Rosa cinnamomea L.), Rosa acicularis L., Rosa laxa     Retz, Rosa canina L. морфологиялық сипаттамасы бойынша және rbcL хлоропласт маркерінің көмегімен анықталды. Алынған мәліметтерді итмұрын өсімдіктерінің биоәртүрлілігін салыстырмалы зерттеу үшін пайдалануға болады.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-03-28

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Муранец, А., Есимсеитова, А., Дюсембекова, Д., Нұртаза, А., Қалыбаев, К., Кожанов, К., & Какимжанова, А. (2022). Қазақстандағы Rosa L. тұқымдасының жабайы өсімдіктерінің биоәртүрлілігін зерттеу және олардың молекулярлық-генетикалық идентификациясы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 139(2), 44–60. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/372

Журналдың саны

Бөлім

Статьи