Отандық картоп сұрыптарының тікелей емес регенерациясы
Қаралымдар: 82 / PDF жүктеулері: 85
Кілт сөздер:
картоп, in vitro, эксплант, каллус, тікелей емес регенерацияАңдатпа
Мақалада зерттеу нысаны ретінде отандық картоп сұрыптарының үш түрі алынды: Ақсор, Тоқтар және Астаналық. Сұрыптар in vitro жағдайында каллусогенез үрдісі және тікелей емес регенерацияға қабiлетi бойынша бағаланды. Осы жүргізілген тәжірибелер нәтижесінде фитогормондардың әсері зерттелді. Тәжірибеміздің мақсаты картоп сұрыптарының каллусогенез және тікелей емес регенерация үрдісінің әртүрлі өсу реттегіштеріне тәуелділігін зерттеу болды. Зерттеу нәтижесінде сабақ экспланттарынан каллус түзілу қарқындылығы құрамында 2,0 мг/л БАП және 3,0 мг/л НСҚ бар МСК II қоректік ортасы Ақсор (93%) және Тоқтар (87%) сұрыптары үшін тиімді екендігі анықталды, ал құрамында 4,0 мг/л БАП және 1,0 мг/л НСҚ бар МСК V нұсқасы Астаналық (82,5%) сұрыпы үшін оңтайлы болғандығы анықталды. Регенерацияға арналған құрамында БАП 0,5 мг/л, транс-зеатин 1,0 мг/л, ГҚ3 2,0 мг/л бар МСР III қоректік ортасында регенерация жиілігі Ақсор және Тоқтар сұрыптарында 53,3% және 77,8% құрды. Астаналық сұрыпы құрамында ИСҚ 0,1 мг/л, транс-зеатин 1,0 мг/л, ГҚ3 10,0 мг/л бар МСР IV қоректік ортасында 60,9%-ке дейін регенерацияға қабілеттілігін көрсетті. Зерттеу нәтижесінде отандық картоп сұрыптарының тікелей емес регенерацияға жоғары қабілеттілігі анықталды.