Жамбыл облысындағы кене популяцияларында ҚКГҚ вирусын анықтау және генотиптеу


Қаралымдар: 85 / PDF жүктеулері: 140

Авторлар

  • К.Т. Султанкулова ҚР БҒМ ҒК «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК
  • Г.О. Шыныбекова ҚР БҒМ ҒК «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК
  • Н.Н. Мухами ҚР БҒМ ҒК «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК
  • О.В. Червякова ҚР БҒМ ҒК «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК
  • А.М. Мелисбек ҚР БҒМ ҒК «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК
  • Н.С. Кожабергенов ҚР БҒМ ҒК «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК
  • М.Б. Орынбаев ҚР БҒМ ҒК «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК

Кілт сөздер:

арбовирус, Қырым-Конго геморрагиялық қызбасы, кене, КТ-ПТР, генотип

Аңдатпа

Қазақстан Республикасы географиялық және табиғи орналасуы бойынша аса қауіпті індеттер қоздырғыштарының әртүрлі түрлерін тасымалдаушы кенелердің көптеген түрлерінің дамуы мен таралуы үшін қолайлы жағдайларға ие. Зерттеу барысында Жамбыл облысында 319 кенелерден  сынама (32 пұл)  алынып, арбовирустардың бар-жоғы тексерілді. 2021 жылы Жамбыл облысында тіршілік ететін кенелер арасында Қырым-Конго геморрагиялық қызбасы вирусының айналымы кері транскрипциясы бар полимеразды тізбекті реакция әдісімен анықталды. Қазақстанда ҚКГҚ вирусының популяциясы кеңінен зерттелмеген, елде айналымда жүрген жаңа вирус изоляттарының генетикалық тиістілігі туралы ақпарат жоқ. ҚКГҚ вирусының генетикалық әртүрлілігі туралы жаңа деректерді талдау вирус популяциясының қазіргі жағдайын бағалауға, ҚКГҚ вирусының генетикалық варианттарының Қазақстан Республикасының аумағында таралу аймақтарының шекараларын анықтауға мүмкіндік береді. Жұмысты орындау кезінде молекулалық-генетикалық әдістер (нуклеин қышқылдарын бөліп алу, КТ-ПТР, Сангер бойынша ДНҚ тізбектілігі), Mega 7.0 бағдарламасын қолданып филогенетикалық талдау әдісі, ArcGIS 10.4.1. бағдарламасын қолданып геоақпараттық талдау әдісі қолданылды. Жамбыл облысында тіршілік ететін кенелерден бөлініп алынған екі ҚКГҚ вирус изоляттарының S сегментінің нуклеотидтік тізбегі анықталды. Екі ҚКГҚ вирус изоляттарының S сегментінің нуклеотидтік тізбегін талдау, олардың Азия 2 генотипіне жататындығын көрсетті. Жаңа изоляттар генетикалық жағынан Оңтүстік Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Үндістанда бөлініп алынған ККГҚ вирустарына ұқсас. Алынған материалдар Қазақстан Республикасының аумағында табиғи ошақтық инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау стратегиясын жасауға негіз болады.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-03-28

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Султанкулова, К., Шыныбекова, Г., Мухами, Н., Червякова, О., Мелисбек, А., Кожабергенов, Н., & Орынбаев, М. (2022). Жамбыл облысындағы кене популяцияларында ҚКГҚ вирусын анықтау және генотиптеу. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 138(1), 17–28. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/380

Журналдың саны

Бөлім

Статьи