Development of technology for growing rice varieties «Aikerim», «Favorit» and «Yantar» by hydroponics


Қаралымдар: 118 / PDF жүктеулері: 92

Авторлар

  • Л.Х. Ақбаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi
  • К.А. Мұқанова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi
  • А.Б. Абжалелов РМК «Республикалық микроорганизмдер коллекциясы»
  • Н.К. Көбетаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi
  • Е.А. Тулегенов Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Кілт сөздер:

гидропоника, субстрат, ерітінді, күріш, сорт

Аңдатпа

Күріш шаруашылығындағы маңызды бағыттардың бірі - ресурс үнемдейтін тиімділігі жоғары технологиялар болып табылады. Табиғи шығынды үнемдейтін осындай технологиялар тек қоршаған ортаға экологиялық  тұрғыда пайдалы болып қана қоймай, сонымен қатар ауылшаруашылық кәсіпорындарының пайда табулары үшін қаржылық тұрғыдан өте тиімді болып келеді.

Гидропоникалық қондырғыда күріш өсіруде «жасыл технологиялар» әдісі ретінде күріш өсіру мен күріштің сапасына байланысты бірқатар экологиялық мәселелерді шешеді. Атап айтқанда, су ресурстарын үнемдеу, экологиялық таза өнімге қол жеткізу, пестицидтерді қажет етпейді және жыл мезгіліне тәуелді болмау.  Жұмыста күріш түрлерінің «Айкерим», «Фаворит» және «Янтарь» сұрыптарын өсіру барысында гидропоника әдісін қолдану мүмкіндігі зерттелген. Гидропоникада өсімдіктерді өсіруге арналған «Flora Series» әмбебап кешені, микроэлементтер кешені бар «Унифлор» және кешенді суда еритін «Акварин» тыңайтқыштың негізінде құрастырылған күріштің үш сұрыбының вегетациясына тиімді болатын қоректік ерітінділерін таңдау бойынша тәжірибелер жүргізілді. Авторлар гидропоникада күріштің «Айкерим», «Фаворит» және «Янтарь» сорттарын өсіруге ерітіндінің қолайлы құрамын ұсынады. Жұмыста гидропоникада  өсірілген күріш сорттарының биометриялық сипаттамалары келтірілген, сонымен қатар қолмен құрастырылатын гидропоникалық қондырғының жеке эскизі ұсынылған.

Экспериментте қажетті мөлшерде берілген жарық, температура және ылғалдылық жағдайында «Flora Series» ерітінділері және суда еритін минералды тыңайтқыштар мен «Унифлор»  кешенінің негізінде жасалған күріш өсіруге қолайлы емес екендігі анықталды. Минералды тыңайтқыштарға негізделген қоректік ерітінді (калимагнезия, кальций нитраты, аммоний нитраты, магний сульфаты, темір хелаты) және «Аквариум» әмбебап микротыңайтқышы негізіндегі кешен жақсы нәтиже береді, атап айтқанда, дәндері толық піскен  күріш өсімдіктері алынды.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-03-28

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ақбаева, Л., Мұқанова, К., Абжалелов, А., Көбетаева, Н., & Тулегенов, Е. (2022). Development of technology for growing rice varieties «Aikerim», «Favorit» and «Yantar» by hydroponics. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 138(1), 76–93. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/385

Журналдың саны

Бөлім

Статьи