«Көкшетау» МҰТП аумағындағы Dactylorhiza fuchsii (Druce) Soó ценопопуляцияларының қазіргі жағдайы


Қаралымдар: 95 / PDF жүктеулері: 73

Авторлар

  • А.Е. Халымбетова ҚР ЭТРМ ОШЖДК «Ботаника және фитоинтродукция институты» ШЖҚ РМК филиалы «Астана ботаникалық бағы» https://orcid.org/0000-0002-2584-4766
  • С.К. Мухтубаева ҚР ЭТРМ ОШЖДК «Ботаника және фитоинтродукция институты» ШЖҚ РМК филиалы «Астана ботаникалық бағы» https://orcid.org/0000-0001-5921-3113
  • С.А. Абиев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi https://orcid.org/0000-0003-4035-4025

Кілт сөздер:

Orchidaceae, Dactylorhiza fuchsii (Druce) Soó, ценопопуляция, онтогенетикалық құрылым, морфометриялық параметрлер, жас құрамы, вегетативтік көбею

Аңдатпа

Мақалада «Көкшетау» МҰТП аумағында сирек кездесетін Dactylorhiza fuchsii (Druce) Soó (Orchidaceae) түрінің 6 ценопопуляцияларының (ЦП) зерттеу нәтижелері көрсетілген. D. fuchsii өсімдігінің көктерек-қайыңды орманда, бұталы-шөпті қауымдастықтарда кездесетіні анықталды. Dactylorhiza fuchsii (Druce) Soó ценопопуляцияларындағы морфометриялық параметрлері – сабағының ұзындығы, гүлшоғырының ұзындығы, бірінші жапырақтың көрсеткіштері көрсетілген. Ценопопуляциялардағы түрдің көпшілігі жас және өзін-өзі жаңартуға қабілетті екендігі анықталды. Ең құрғақ жағдайда өсетін №1 ценопопуляция жетілу және өтпелі кезеңінде. D. fuchsii кейбір морфологиялық параметрлерінің өзгергіштігі мен икемділігі қарастырылады. Белгілердің өзгергіштік құрылымы анықталды. Генеративтік дарақтардың морфометриялық белгілерін талдау барысында ең биік өсімдіктердің көктерек-қайыңды және қарағай-қайыңды ормандарда өсетіні анықталды. Зерттелген ЦП белгілерінің өзгергіштігіне баға беріліп, максималды өзгергіштікті сабақ ұзындығы (55%), ал D. fuchsii генеративтік дарақтарының ең аз өзгермелі белгілерін гүлшоғырының ұзындығы мен бірінші жапырақтың ені (7 және 3,6%) көрсетті. Белгілердің өзгеруінің жоғары дәрежесі байқалады. Ценопопуляцияны бақылау екі жыл ішінде жүргізілді (2021-2022). №1 ЦП қанағаттанарлық күйде, ол генеративтік дарақтардың жоғары үлесі мен максималды тығыздығына байланысты. D. fuchsii №2 және №3 ценопопуляциялары жағдайының жойылып кету қаупі бар және сақтауға мәжбүр деп бағаланады. Зерттеу нәтижелері бойынша D. fuchsii өсімдігінің барлық ЦП үшін популяциялардың жағдайын бақылауды жалғастыру ұсынылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-28

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Халымбетова, А., Мухтубаева, С., & Абиев, С. (2024). «Көкшетау» МҰТП аумағындағы Dactylorhiza fuchsii (Druce) Soó ценопопуляцияларының қазіргі жағдайы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 147(2), 26–44. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/436

Журналдың саны

Бөлім

Статьи