Каспий теңізінің суы мен топырағының уыттылық деңгейі


Қаралымдар: 29 / PDF жүктеулері: 27

Авторлар

Кілт сөздер:

морфологиялық-дақылдық қасиет, биотестілеу, уыттылық, сынама-объект, ластану деңгейі, Daphnia magna, экология

Аңдатпа

 

Қазіргі таңда еліміздің оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Каспий теңізінің экологиялық жағдайы әртүрлі ластаушы факторларға, әсіресе мұнай өндіру саласының қарқынды дамуына байланысты үнемі бақылау мен тазартуды талап етеді. Қоршаған ортаға экологиялық тұрғыдан зиян келтірмейтін биотестілеу әдістерін қолдану арқылы теңіз суының ластану деңгейін бағалау жұмыстары кеңінен қолданылады. Каспий теңізінен бөлініп алынған зерттеу объектілерінің микробиологиялық құрамын анықтау жұмыстары жүргізілді. Су үлгілерінен бөлініп алынған объектілерде жалпы микроб саны (1,9±0,1)*102 мен (6,2±0,2)*102 аралығында болса, топырақ үлгілерінде (9,7±0,3)*105 мәніне дейінгі көрсеткіш анықталды. Бөлініп алынған дақылдарға морфологиялық талдау жасалды, нәтижесінде аэробты, қозғалғыштығы қалыпты кокктар, қысқа және ұзын таяқшалы бактериялар, сонымен қатар мицелий де байқалды. Зерттеу барысында биотестілеу әдісі биологиялық сынама-объектісінің - шаянтәрізділер өкілі Daphnia magna көмегімен жүзеге асты. Зерттеу барысында Морпорт-1 және Морпорт-2 топырақ үлгілерінде биотестілеу объектілеріне бірінші тәуліктен бастап 100% уытты екендігі анықталды (60:40 қатынасында). Биотестілеу нәтижесінде жүргізілген 4 нысанның ішінде уыттылық деңгейі 50%-дан асқан, сол себепті ластану дәрежесі жоғары болып саналатын Морпорт-1, Морпорт-2 үлгілері екендігі дәлелденді.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-15

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жолдыбай, М., & Джаналиева, Н. (2024). Каспий теңізінің суы мен топырағының уыттылық деңгейі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 146(1), 114–129. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/449

Журналдың саны

Бөлім

Статьи