Микросателиттік талдау арқылы тазы тұқымды иттердің генефондын бағалау
Қаралымдар: 99 / PDF жүктеулері: 132
Кілт сөздер:
Тазы тұқымы, микросателлиттік маркер, генетикалық профиль, генофонд, популяциялық генетика, генетикалық әртүрлілік, инбридинг деңгейіАңдатпа
Тазы тұқымды иттер Қазақстан аумағында жеті мың жылдан астам бұрын пайда болып, содан бері қазақ халқының ұлттық қазынасына айналды. «ҚАНСОНАР» бейресми есебі бойынша қазіргі таңда 3000-ға жуық тазы иттері қалған, бірақ төртінші ұрпаққа дейінгі асыл тұқымды жоғары сапалы иттердің саны 350-ден аспайды. Мұндай бағалы және сирек тұқымды сақтау және басқару олардың генофондын зерттеуді және популяциялық генетикалық параметрлерін жүйелі бақылауды талап етеді. Бүкіл әлемде және Қазақстанда тазы иттеріне бұрын генетикалық зерттеулер жүргізілген жоқ. Бұл зерттеудің мақсаты Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы тазы популяцияларының генетикалық әртүрлілігінің параметрлерін зерттеу болды. Құрамында Халықаралық жануарлар генетикасы қоғамы ұсынған 19 локус (AHTk211, CXX279, REN169O18, INU055, REN54P11, INRA37, AHT20 AHTk211, CXX279, REN169O18, INU055, REN54P11, INRA21, AHT137, REN169D01, AHTh260, AHTk253, INU005, INU030, Amelogenin, FH2848, AHT121, FH2054, REN162C04 AHTh171 және REN247M23) құрамына кіретін Thermo Scientific Canine Genotypes Panel 1.1 пайдалану арқылы 19 локусқа микросателлиттік талдау жасалды. Нәтижесінде Қазақстанның Оңтүстік, Солтүстік және Шығыс аймақтарынан тазыдан генетикалық профильдер алынды. Полиморфты микросателлиттермен анықталған тазылардағы өте жоғары генетикалық өзгергіштік және салыстырмалы түрде төмен инбридинг деңгейі Қазақстанның Оңтүстігінде, аз дәрежеде Қазақстанның Солтүстік және Шығыс өңірлерінде байқалды. Бұл генеткиалық өзгергіштік осы тұқымның негізін-қалаушы жануарлардың метизациясымен байланысты болуы мүмкін. Алынған нәтижелерді болашақта осы тұқымды басқару және өсірудің ғылыми негізделген селекциялық бағдарламаларын жасауға пайдалануға болады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Funding data
-
Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan
Grant numbers BR21881977;AP09258895