Биік қараандыздың (Inula helenium L.) Шығыс Қазақстан аумағындағы табиғи ресурстары
Қаралымдар: 206 / PDF жүктеулері: 321
Кілт сөздер:
биік қараандыз, дәрілік өсімдіктер, ценопопуляция, биологиялық қор, қолданыстық қорыАңдатпа
Берілген мақалада Шығыс Қазақстан аумағында өсетін, ғылыми, сондай-ақ халық медицинасында қолданысын тапқан дәрілік өсімдік – биік қараандыздың табиғи қорларын бағалау бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Зерттеу барысында дәрілік шикізатты дайындау үшін биік қараандыздың екі перспективалы ценопопуляциясы (Үшбұлақ және Селезнев ценопопуляциялары) Листвяга және Үлбі жоталарының аумағында анықталды. Зерттелген аумақтардағы биік қараандыз түрлішөптесін-астықшөпті және астықшөпті-түрлішөптесін фитоценоздарға бейімделген. Тамырсабақтары мен тамырларының биологиялық және пайдалану қорлары, сондай-ақ жыл сайынғы шикізат жинау көлемі анықталды. Биік қараандыз қопаларының Үшбұлақ ценопопуляциясы Үшбұлақ ауылының маңында орналасуына байланысты өсімдік жамылғысы мал жаю салдарынан ішінара бұзылған, бұл биік қараандыздың таралуына әсер етеді. Алынған нәтижелер маңызды дәрілік өсімдіктің ықтимал ресурстарын нақтылау және Шығыс Қазақстанда осы түрді қорғау шараларын әзірлеу үшін пайдаланылуы мүмкін.