Солтүстік Қазақстан аймағының әртүрлі топырақ типтеріндегі азот бекітуші микроағзалардың таралуы


Қаралымдар: 19 / PDF жүктеулері: 8

Авторлар

Кілт сөздер:

актиномицеттер, азот бекітуші бактериялар, микробиологиялық препараттар, топырақ

Аңдатпа

Топырақтың құнарлылығын, ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыру және дәнді дақылдардың ауруларының таралуын азайту үшін топырақ микроорганизмдері негізіндегі биологиялық препараттарды пайдалану перспективті және экологиялық таза бағыттардың бірі болып табылады. Бұл өз кезегінде қазақстандық тиімділігі жоғары биологиялық препараттарды жасау, бағалау және өңдіріске енгізу бойынша кешенді жұмысты талап етеді. Мақалада Солтүстік Қазақстан аймағының әртүрлі топырақ типтерінің суспензияларын сериялық сұйылту әдісімен себу арқылы анықталған азот бекітуші бактериялар мен актиномицеттердің таралуы туралы деректер келтірілген. Қатты қоректік орталарда азот бекітуші бактериялар мен актиномицеттердің 100-ден астам жаңа штамдары бөлініп алынды. Биотыңайтқышты жасау мақсатында бөлініп алынған азот бекітуші бактериялар мен актиномицеттердің патогенділігі мен өсу қарқындылығы зерттеліп, олардың культуралды-морфологиялық сипаттамалары да келтірілді. Әрі қарай зерттеу үшін ең белсенді №21S, №19S, №31S, №91S, №3S, №56S, №51S, №62S, №55S, №70S, №53S, №20S, №2S, №81S, №7S, №54S, №57S, №35S, №84S, №22S, №9S, №12S, №8S, №10S, №69S, №52S, №49S, №11S, №6S, №59S 30 штамм таңдалды. Олар биологиялық препарат жасау үшін пайдаланылады. Болашақта бұл штамдар өсуді ынталандырушы, фунгицидтік және т.б. қасиеттері бойынша зерттелетін болады, сонымен қатар ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін және фитосанитарлық қауіпсіздігін арттыра алатын азот бекітуші бактериялар және актиномицеттер негізіндегі биологиялық препараттарды алудың микробиологиялық технологиясын жасауда қолданылатын болады.

Автор өмірбаяны

А.П. Науанова, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

 

 

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-27

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Қонқыбаева, А., & Науанова, А. (2024). Солтүстік Қазақстан аймағының әртүрлі топырақ типтеріндегі азот бекітуші микроағзалардың таралуы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 148(3), 94–107. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/569

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Funding data