Солтүстік және Орталық Қазақстанның көл гольянының Rhynchocypris percnurus (Leuciscidae) висцеральді бас сүйегінің остеологиясы


Қаралымдар: 94 / PDF жүктеулері: 62

Авторлар

Кілт сөздер:

көл гольяны, Eupallasella, Rhynchocypris percnurus, Leuciscidae, жергілікті түр, остеология, висцеральды бассүйек

Аңдатпа

Мақала Қазақстанның ихтиофаунасының жергілікті өкілі - көл гольянының остеологиясына арналған. Бұл түр Еуразияның солтүстігінде кең ареалда таралған және таксономиялық құрылымы даулы. Көл гольянының туыстық тармағы бірнеше рет өзгерген – қазіргі уақытта оны жиі Rhynchocypris туысына жатқызады. Бұл түрдің ішінде бірнеше түрше сипатталған, олардың екеуі Солтүстік және Орталық Қазақстанның су айдындарында мекендейді. Солтүстік Қазақстанның су қоймаларындағы көл гольяндары туралы қазіргі уақыттағы ақпарат морфометриялық деректермен шектеледі, олардың негізінде ол номинативті R. p. percnurus түршесіне жатқызылған. Бұрынырақ Солтүстік Қазақстанның Чекановский гольянының түр тармағы ретінде сипатталған тағы бір формасы кейіннен Орталық Қазақстанның су айдындарында да мекендейтін R. p. ignatowi көл гольянының түршесі ретінде қарастырылды. Оның систематикалық жүйесі анық емес болып қалып отыр, ал морфологиясы мен таралуы туралы бар ақпарат аз.

Бұл зерттеу жұмысының мақсаты Солтүстік және Орталық Қазақстанның су қоймаларынан алынған көл гольянының висцеральды бас сүйегінің сипатты белгілері мен популяцияаралық өзгергіштігін анықтау болды. Зерттеу нысаны Қылшақты (Солтүстік Қазақстан) және Қарқаралы (Орталық Қазақстан) өзендері популяциясының балықтарынан құралды. Қаңқаларды дайындау және бояу әдісін қолдана отырып, екі популяциядан балықтардың остеологиялық препараттары алынды. Остеологиялық белгілерді талдау нәтижесінде Қазақстан су айдындарынан алынған көл гольянының висцеральдық сүйектері алғаш рет егжей-тегжейлі сипатталды. Жоғарғы жақсүйек, тіс, желбезек қақпағы, тіласты және жұтқыншақтық сүйектерінің бұл түрге тән пішін ерекшеліктері анықталды. Популяция аралық айырмашылықтар тіласты сүйек пен үшінші желбезекасты элементтің пішініне, сондай-ақ жұтқыншақ-желбезек элементінің болуы немесе болмауына қатысты. Алынған мәліметтер Солтүстік және Орталық Қазақстан популяцияларының морфологиялық өзгешеленгендігін  көрсетуі мүмкін.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-28

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Тағаев, Д., & Салқымбаева M. (2024). Солтүстік және Орталық Қазақстанның көл гольянының Rhynchocypris percnurus (Leuciscidae) висцеральді бас сүйегінің остеологиясы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 147(2), 69–85. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/578

Журналдың саны

Бөлім

Статьи