Іле Алатауындағы Сиверс алма ағашының жабайы популяцияларын зақымдайтын зиянкестер
Қаралымдар: 84 / PDF жүктеулері: 53
Кілт сөздер:
Сиверс ағашы, алма аққіс күйе көбелегі, раушан жапырақ ширатқыш көбелегі, долана жапырақ ширатқыш көбелегі, зиянкес жәндіктер, Іле АлатауыАңдатпа
Мақала Сиверс алма ағашының жабайы популяциясын сақтау мәселелеріне арналған, cебебі Сиверс алма ағашы құнды генофонд болып табылады, сондықтан оны қазір және болашақ селекцияда, ормандарды толықтыру және орман шаруашылығын жүргізу мақсатында зерттеу және сақтау кезек күттірмейтін мәселе. Орталық Азиядағы Сиверс алма ағаштарының жабайы популяцияларының ең қуатты массивтері қазіргі уақытта Қазақстанда сақталған, олар бүкіл әлемде алманың мәдени сорттарын қолдау үшін генетикалық материалдың табиғи көзі ретінде үлкен маңызға ие. Соңғы 20 жылда Сиверс алма ағашының жабайы популяциясының өмір сүруіне негізгі қауіптердің бірі табиғи популяцияларға үлкен зиян келтіретін жәндік зиянкестер болып отыр. Осыған байланысты мақаланың мақсаты – осы зиянкестердің дамуына әсер ететін факторларды нақтылау, фенологиялық және экологиялық сипаттамаларын анықтау, Сиверс алма ағаштарының осы зиянкестерімен күресу шараларын дер кезінде қолдану үшін басым зиянкестердің ең осал кезеңін анықтау. Бұл мақалада үш басым зиянкестердің фенологиясы қарастырылады, атап айтқанда, алма аққіс күйе көбелегі, раушан жапырақ ширатқыш көбелегі, долана жапырақ ширатқыш көбелегі. Ересек сатысы бойынша түрлерді анықтау және фенологиялық дамуды бақылау үшін дернәсіл сатыларын өсіру әдісі қолданылды. Дернәсіл сатыларының морфологиялық ерекшеліктерін және олардың даму мерзімдерін зерттеу үшін осы түрлердің әр дернәсіл жасы бақылауда болды. Басым зиянкестердің даму барысы қарастырылды, сонымен бірге осы зиянкестердің дамуының фенологиялық күнтізбесі дайындалды. Зерттеу барысында аталмыш зиянкестердің даму ерекшеліктерін зерттеу нәтижелері келтірілді. Мақалада Іле Алатауы жағдайында Сиверс алма ағашының дефолиатор жәндіктерінің пайда болу және таралу дәрежесі зерттелген.