Nicotiana Benthamiana өсуіне молибден, вольфрам және вольфраммен молибденнің әртүрлі мөлшерінің әсері
Қаралымдар: 16 / PDF жүктеулері: 5
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7034-2021-137-4-84-91Кілт сөздер:
молибден, вольфрам, шоғырлану, өнгіштік, Nicotiana BenthamianaАңдатпа
Молибден өсімдіктердің өмірінде маңызды рөл атқарады, себебі азот пен күкірт алмасудың тотығу-тотықсыздану реакцияларына, фитогормондардың биосинтезіне және ксенобиотиктерді уытсыздандыруға қатысады. Молибденнің жетіспеушілігі үстін-үстіне суарылатын немесе қышқыл, құмайт топырақта өсетін дәнді-бұршақты және жекелеген көкөніс дақылдарында кездеседі.
Өсімдіктер жасушалары молибденді молибдат оксианион түрінде сіңіреді. Мо жасуша үшін қолжетімді болса да, Мосо - молибден кофакторы түзілумен кешен қалыптасқанға дейін ол биологиялық тұрғыда белсенді болмайды. Мосо электрондарды тасымалдаудың кіші тізбегі ретінде қолданылатын, азот пен күкірттің метаболизміне, гормондардың биосинтезіне және өсімдіктердегі зиянды қосылыстарды уытсыздандыруға қатысатын молибдоферменттердің белсенді орталығында орналасады. Жоғарғы өсімдіктердің төрт молибдоферменті белгілі: нитратредуктаза (НР), ксантиндегидрогеназа (КДГ), альдегидоксидаза (АО) және сульфитоксидаза (СО).
Вольфрам (W) молибденнің антагонисі болып табылады, ол мобдоэнзимдерден Мо-ны ығыстырады, нәтижесінде құрамында молибден бар ферменттер белсенді болмайды.
Молибден өмірлік маңызы бар микроэлемент, ол өсімдіктердің жақсы өсуі мен дамуы үшін ең аз мөлшерде қажет. Екінші жағынан, Мо-ның көп мөлшерін тұтыну уытты болып табылады, ал оның мүлдем болмауы өсімдіктер ағзалары үшін өліммен тең. Сондықтан, өсімдіктердің жақсы өсуі мен дамуы үшін молибденнің ең тиімді мөлшерін іздеу ауыл шаруашылығының дамуында маңызды рөл атқарады. Үлгілік өсімдік ретінде алқа тұқымдастарға (Solanaceae) жататын австралия темекісі - Nicotiana Benthamiana қолданылды.
Осы зерттеу жұмысында молибдат натрия (Na2MoO4·2H2O), вольфрамат натрия (Na2WO4·2H2O) және вольфрамат пен молибдаттың Nicotiana Benthamiana өнгіштігі мен өскіндерінің ұзындығына әсері көрсетілді.