Батыс Қазақстан шегіндегі Жайық өзені жайылмалы ормандарының флорасы мен макромиттері қалыптасуының ықтимал жолдары
Қаралымдар: 5 / PDF жүктеулері: 1
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7034-2021-135-2-18-27Кілт сөздер:
Жайық өзені, жайылмалы ормандар, флора, макромицеттер, тарихи түзілімдер, реликті кешенАңдатпа
Мақалада Жайық өзенінің алабындағы жайылмалы ормандарының флорасы мен макромицеттерінің тарихи қалыптасу жолдары қарастырылады. Жайық өзенінің жалпы ұзындығы 2428 км құрайды, ал Батыс Қазақстан аумағында 1000 км-ден асады.
Жайылмалы ормандар қалыптасу ортасына байланысты үш жағдайда дамыған. Олар: өзен арнасы, орталық және терраса маңы. Ормандар құрылымы бойынша байырғы және туынды ормандар болып бөлінеді. Жайық өзені алқабының өсімдіктер тобының қалыптасуының жетекші факторы – геология мен рельеф болғандықтан, зерттелетін аумақ шегінде флоралық (630 өсімдік түрі) және микофлоралық алуантүрлілігіне (77 макромицет түрі) байланысты 4 табиғи аймақ ерекшеленеді.
Орман қауымдастығының флоромикологиялық құрамының эволюциясы мен өзгеру барысы тарихи свиталардың құрамына сәйкес талданады. Зерттелген аймақта Г.М.Зозулиннің түсінігіндегі 13 свита анықталды, оның ішінде қазіргі жайылмалы ормандарға тән 6 свита толығырақ қарастырылды. Свиталарды анықтағанда түрлердің қазіргі таралу сипаты, олардың ценоздық кездесуі, жекелеген түрлердің генетикалық байланысы, даму ритмі және бірлестіктегі түрлердің тіршілік сипаттары ескерілді.
Жайылмалы ормандардың микофлоралық кешенінің қалыптасу үдерісі реликті және қоныс аударушы элементтердің негізінде Оңтүстік Оралдан, Еділ мен Жалпы Сырттың сол жақ тармақтары аңғарлары арқылы байытылып, таралады. Бұл қалыптасу үрдісі миоценнен голоценге дейінгі ұзақ уақытты қажет етеді.