«Агробионов» препаратын және минералды тыңайтқыштарды енгiзу кезiндегi кәдiмгi қара топырақтың биологиялық қасиеттерi мен майлы зығырдың өнiмдiлiгi
Қаралымдар: 5 / PDF жүктеулері: 1
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7034-2020-131-2-31-37Кілт сөздер:
кәдiмгi қара топырақ, майлы зығыр, микрофлора «Агробионов» препараты, микробиологиялық белсендiлiк, өнiмдiлiкАңдатпа
Топырақ деградациясының негiзгi процестерiнiң қатарына топырақтағы органикалық көмiртектiң
сарқылуы жатады. Топырақ құнарлылығының артуы топырақтың деградациялану қаупiн төмендетуi және қоршаған
ортаның жағдайын жақсартуы мүмкiн.
Бұл мақалада «Агробионов» препараты мен минералды тыңайтқыштарды енгiзу барысында кәдiмгi қара топырақтың
биологиялық қасиеттерi және майлы зығыр өнiмдiлiгiнiң нәтижелерi келтiрiлген.
Далалық тәжiрибелер Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiң «Элит» оқу-ғылыми-өндiрiстiк орталығының тәжiрибе алаңында өткiзiлдi. Топырақтың микробиологиялық белсендiлiгi зығыр төсемшелерiн апликациялау әдiсiмен анықталды, микрофлораны топырақ суспензиясын қатты қоректiк ортаға себу жолымен есептелдi. «Агробионов» препаратының минералдық тыңайтқыштармен үйлесiмдiлiгi кәдiмгi қара топырақтың микробиологиялық белсендiлiгiне, микрофлораның құрамына, және майлы зығыр тұқымдарының өнiмдiлiгiне әсерi анықталды.
«Агробионов» препараты минералды тыңайтқыштармен үйлескенде агрономиялық құнды микроорганизмдердiң
топтарының санына және майлы зығыр өнiмдiлiгiне оң әсер еттi.