Үбі өзені (Жоғарғы Ертіс бассейні) теңбіл талма балығының Triplophysa strauchii (Nemacheilidae) морфологиялық сипаттамасы
Қаралымдар: 63 / PDF жүктеулері: 39
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7034-2025-153-4-118-131Кілт сөздер:
теңбіл талма балығы, Nemacheilidae, Triplophysa strauchii, морфология, Жоғарғы Ертіс бассейні, Үбі өзеніАңдатпа
Теңбіл талма балығы -Қазақстанның көптеген су қоймаларында мекендейтін Орталық Азиялық балықтардың аборигенді түрі. Бұл түр балықтардың күрделі таксономиялық тобына жатады- Triplophysa туысы. Қазақстанның су қоймаларындағы теңбіл талма балығының үш түршесі белгілі: теңбіл талма балығы (T. s. strauchii), көл талма балығы (T. s. ruzskyi) және Зайсан талма балығы (T. s. zaisanicus), бірақ олардың таксономиялық орны мен таралуы нақтылауды қажет етеді. Теңбіл талма балығының қазіргі таралу аумағы өте кең, ол Балқаш-Алакөл, Тарим, Шу және Сырдария өзендерінің бассейндерін мекендейді, сонымен қатар Зайсан көлінің бассейнінде де кездеседі. Қазіргі уақытта бұл түр өзінің таралу аймағын солтүстікке қарай кеңейтуде, ол Орталық және Солтүстік Қазақстанның ағынсыз өзендері мен көлдеріне сәтті бейімделген. 2016 жылы Жоғарғы Ертіс бассейнінің Үбі өзенінен теңбіл талма балығы табылды. Сыртқы морфологиялық сипаттамасы, оның ішінде түсі, пластикалық және меристикалық белгілері, дене пропорциялары, жүзбеқанаттарының пішіні, еріннің құрылымы, ішек пен жүзу торсылдағының ерекшеліктері берілген. Жыныстық диморфизмге қатысты белгілер зерттелді. Triplophysa strauchii балығына тән белгілер анықталды. Осы түрдің ареалын нақтылау мақсатында Ертіс бассейнінде одан әрі зерттеу жүргізуді қажет етеді.






