Солтүстік - батыс Қазақстандағы масалар популяциясының қазіргі жағдайы


Қаралымдар: 31 / PDF жүктеулері: 14

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7034-2025-153-4-173-189

Кілт сөздер:

масалар, түр құрамы, тіршілігінің биологиялық ерекшеліктері, ұшудың тәуліктік және маусымдық динамикасы

Аңдатпа

Мақалада Солтүстік - батыс Қазақстанда масалардың фаунасын зерттеу, бірқатар эпидемиологиялық қауіптілік белгілері бойынша масалардың неғұрлым қауіпті түрлерін есепке алу, оларға қарсы күрес шараларын негіздеуге арналған. Солтүстік - батыс Қазақстанда, атап айтқанда Ақмола, Атырау, Батыс-Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Солтүстік батыс Қазақстан облыстарында 2020 және 2024 жылдардың жазғы маусымдарында жүргізілген бұл жұмыстың мазмұны осы аймақтар таралған әр түрлі экологиялық топтардағы жекелеген түрлердің түрлік құрамы мен экологиясын, оның ішінде масалардың аймақтық және тәуліктік белсенділігін анықтау, популяциялардың жас құрамы мен өмір сүру ұзақтығын анықтау, жұмыртқалау орындарын, қансорғыштардың ең көп шоғырланған жерлерін, масалардың ұшып шығу мерзімдерін анықтаудан құралды. Масалар - қан сорғыш буынаяқтылардың арасында практикалық тұрғыдан маңызы зор топтарының бірі: бұл жәндіктер адамға жабылатын қансорғыш қосқанатты жәндіктердің ішінде бірқатар ландшафттарда негізгі массасын құрап қана қоймай,  адам мен жануарларға ортақ көптеген трансмиссивті ауру қоздырғыштарын тасымалдайды. Алынған ғылыми нәтижелер мен тұжырымдамалар Солтүстік - батыс Қазақстанда масалардың популяцияларының қазіргі жағдайын бағалауға мүмкіндік береді, өңірдің масаларының түр құрамы мәліметтерін жаңа ақпараттармен толықтырады.

Жүктеулер

Скачать XML

Жарияланды

2025-12-25

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Оразбаева, А. ., Уалиева, С. ., Олжаева, Р. ., Сатканов, М., Аубакирова , К. ., & Домацкий, В. . (2025). Солтүстік - батыс Қазақстандағы масалар популяциясының қазіргі жағдайы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 153(4), 173–189. https://doi.org/10.32523/2616-7034-2025-153-4-173-189

Журналдың саны

Бөлім

Статьи