Раушан жапырақ ширатқыш көбелек Archips rosana L. Іле Алатауындағы Сиверс алмасының зиянкесі ретінде
Қаралымдар: 9 / PDF жүктеулері: 6
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7034-2025-150-1-39-53Кілт сөздер:
Сиверс алмасы, раушан жапырақ ширатқыш көбелек, Archips rosana L.), жәндік-зиянкестер, Іле АлатауыАңдатпа
Бұл мақалада Archips rosana L. түрінің фенологиясы туралы жаңа мәліметтер қамтылған. Зерттеудің мақсаты - фенологиялық ерекшеліктерін анықтау және раушан жапырақ ширатқыш көбелектің дамуының осал кезеңдерін анықтау. Практикалық маңыздылығы, бұл зерттеулер осы түрдің жергілікті тіршілік ету ортасына экологиялық бейімделу жолдарын егжей-тегжейлі анықтауға мүмкіндік береді, соның негізінде осы зиянкес жәндіктің популяциясын басқаруға ықпал етеді. Зерттеулер Іле - Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының аумағында жүргізілді. Материалды авторлар 2018-2019 жылдардағы екі жылдық далалық маусымда жинады. Зерттеу әдістері - классикалық энтомологиялық әдістер, мысалы, энтомологиялық тордың көмегімен аталықтар мен аналықтарды аулау, бақылау алаңдарында жартылай стационарлық есеп жүргізу, сондай-ақ Зоология институтының энтомология зертханасында дернәсілдерді культивациялау әдісімен өсіру. Зерттеулер нәтижесінде осы аумақтардағы раушан жапырақ ширатқыш көбелектің Archips rosana L. фенологиялық ерекшеліктері нақтыланды. 2018 және 2019 жылдары фенологиясына температура мен салыстырмалы ылғалдылықтың (%) әсері зерттелді. Зерттеу барысында дамудың осал кезеңдері анықталды - зерттелетін аумақтарда сәуірдің екінші онкүндігінен мамырдың бірінші онкүндігіне дейін пайда болатын 1-2 жас аралығындағы дернәсілдер кезеңі.