Арпа (Hordeum vulgare L.) өскiндерiнiң өсуi, дамуы және тұздану жағдайында құрамындағы пролин мөлшерiне диатомиттiң қатысуымен тұқым праймингiнiң оңтайлы әдiсiнiң әсерi
Қаралымдар: 12 / PDF жүктеулері: 3
Кілт сөздер:
арпа, диатомит, тұздану, пролин, тұқым праймингiАңдатпа
Жүргiзiлген жұмыстың нәтижесiнде диатомиттiң жоғары өсiмдiктердiң өсуi, дамуы және сабақтары мен тамырларының жасушаларында пролиннiң жиналуы процестерiне әсер ету заңдылықтары ашылды. Сондай- ақ, бұл минералдың жоғары өсiмдiктердiң стрестiк реакцияларына, ортаның бiрқатар маңызды абиотикалық стресс- факторларына атап айтқанда, сортаңдау кезiнде әдiсiмен сыналды. Жүргiзiлген жұмыс барысында тұзды стресс еркiн пролин мөлшерiн арттыратыны анықталды. Өсiмдiктердi диатомитпен өңдеу кезiнде өңделмеген өсiмдiктерге қарағанда бос бпролиннiң құрамы айтарлықтай артты. Демек, диатомит қоршаған ортаның жоғары өсiмдiктерiне терiс әсерiн болдырмауда протекторлық функцияны орындайды. Алынған нәтижелер өсiмдiктiң биотикалық және абиотикалық стресстерге төзiмдiлiгiн арттыру үшiн табиғи тыңайтқыш ретiнде диатомиттi пайдалану мүмкiндiгiн кеңейтедi.Жарияланды
2026-06-06
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Наекова, С. ., Әубәкiрова К. ., & Әлiқұлов З. . (2026). Арпа (Hordeum vulgare L.) өскiндерiнiң өсуi, дамуы және тұздану жағдайында құрамындағы пролин мөлшерiне диатомиттiң қатысуымен тұқым праймингiнiң оңтайлы әдiсiнiң әсерi . Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 129(4), 35–41. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/971
Журналдың саны
Бөлім
Статьи






