Қара топырақ және майлы зығыр өсiмдiктерiнде "Агробионов" препаратын ауыр металдар мен радионуклидтер құрамы бойынша экотоксикологиялық бағалау


Қаралымдар: 50 / PDF жүктеулері: 11

Авторлар

  • А.Т. Хусаинов Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетi
  • Г.Т. Кыздарбекова Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетi

Кілт сөздер:

майлы зығыр, кәдiмгi қара топырақ,

Аңдатпа

Мақалада майлы зығыр тұқымдарының физиологиялық параметрлерi бойынша "Агробионов"   препаратының биоиндикация нәтижелерi келтiрiлген, сонымен қатар топырақта және майлы зығыр өсiмдiктерiнде   "Агробионов" препаратын қолданудағы ауыр металдар мен радионуклидтер құрамы бойынша экотоксикологиялық   бағасының нәтижелерi көрсетiлген. Зертханалық және танаптық тәжiрибелер жүргiзiлдi. Зерттеу объектiлерi ретiнде   кәдiмгi қара топырақ және майлы зығырдың "Северный" сорты алынды. Тұқымдардың зертханалық өнгiштiгiн, өскiндер   ұзындығын, тұқымасты жарнағының ұзындығын ГОСТ 12038-84 "Ауыл шаруашылық дақылдарының тұқымдары"   Халықаралық мемлекеттiк стандарты бойынша анықтадық.   Топырақтағы және майлы зығыр тұқымдарындағы   ауыр металдар (ГОСТ 50686-94-ГОСТ 50683-94) мен радионуклидтер құрамын инверсионды вольтамперометрия әдiсi   арқылы анықтадық. Сынауға алынған "Агробионов" препараты майлы зығыр тұқымдарындағы өсу процестерiне   ынталандыру әсерiн тигiзедi, сонымен қатар осы препараттың әртүрлi 100-ден 500-ге дейiн кг/га мөлшерлерiн қолдану   топырақ пен тұқымдардағы ауыр металдар мен радионуклидтер құрамының шектеулi жiберiлетiн концентрациясын   жоғарылатпайтыны анықталып отыр.

Жарияланды

2026-06-06

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Хусаинов, А. ., & Кыздарбекова, Г. . (2026). Қара топырақ және майлы зығыр өсiмдiктерiнде "Агробионов" препаратын ауыр металдар мен радионуклидтер құрамы бойынша экотоксикологиялық бағалау. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 129(4), 69–74. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/975

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)