Радиацияның кейiнгi мерзiмдегi әсерiнен антиоксиданты жүйедегi өзгерiстер
Қаралымдар: 45 / PDF жүктеулері: 14
Кілт сөздер:
кейiнгi мерзiм, сублеталды доза, антиоксидантты жүйе, иондаушы сәулеАңдатпа
Сублеталды дозадағы гамма-сәуленiң кейiнгi мерзiмi әсерiнде туындайтын
иммунокомпетенттi ағзалар мен жасушалардағы антиоксиданттық жүйесiндегi өзгерiстердi
зерттеу жұмыстың негiзгi мақсаты болды.
Зерттеу жұмысы 4 топқа бөлiнген 40
егеуқұйрықтарға жасалды: I топ- интактiлi, II топ– сәулеленуден 7 күн өткен соң зерттеу,
III топ– сәулеленуден 30 күн өткен соң зерттеу және IV топ– сәулеленуден 90 күн өткен соң
зерттеу. Жоғары дозалы γ-сәуле әсерiнiң 7-i және 30-ы күндерiнде жануарлардың зерттеуге
алынған ағзаларында антиоксидантты ферменттерi белсендiлiгi күрт төмендегенi тiркелсе, ал,
90-ы күнiнде, яғни, сәуле әсерiнiң кейiнгi мерзiмiнде әсiресе каталаза ферментi белсендiлiгiнiң
тежелуi сақталғаны анықталды.






