Berberis iliensis және Berberis integerrima жемiстерi экстрактiлерiн сапалық және сандық құрамын зерттеу, генетикалық материалды криобанкте сақтау
Қаралымдар: 4 / PDF жүктеулері: 2
Кілт сөздер:
Berberis iliensis, Berberis integerrima, in vitro коллекциясы, тұқымдар, апикальды меристемалар, криосақтау, фитохимиялық анализАңдатпа
Бөрiқарақаттың екi түрi (Berberis iliensis M. Pop және Berberis integerrima Bunge) зерттеу және сақтау
жүргiзiлдi. In vitro культурасына енгiзу және микроклонды көбейту жұмыстарының нәтижесiнде аталған бөрiқарақат
түрлерiнiң 33 үлгiсiнен тұратын in vitro коллекциялары жасалды. Алынған in vitro коллекция жарық 10 µ мол · м −2·c−1 ,
фотопериод 16/8 сағ, 4 ◦ C температурада орта мерзiмге сақтауға қойылды. Суықта сақтаудың оңтайлы ұзақтығы
12 айды құрайды. Апикальды меристемалар мен тұқымдардың криобанкi құрылды. Тұқымдар криобанкi келесi
температураларда құрылған: 1)-196 ◦ C, ерiгеннен кейiнгi тұқымдардың өнгiштiгi– 80-100%; 2)-20 ◦ C, ерiгеннен кейiнгi
тұқымдардың өнгiштiгi орта есеппен 86,7% құрады. Төмен температураларда тұқымдарды сақтау олардың өнгiштiгiне
оң әсер ететiнi анықталды. Сапалық және сандық талдау жүргiзу үшiн бөрiқарақаттың 2 түрiнiң 11 үлгiсi зерттелдi.
Оларда май қышқылдары, май қышқылдарының эфирлерi, алкандар, алкендер, алкадиендер, ароматты көмiрсутектер,
альдегидтер, майлы спирттер, тритерпеноидтер, кетондар, силикондар мен К, К 1 , К 2 дәрумендерi анықталды. Кейбiр
үлгiлерде сквален каротиноид, 28-Нор-17- α көмiрсутегi және пиридин-3-карбоксимидамид амид табылды.






