Магний мен марганецтiң өсiмдiктер ауруларының дамуындағы биологиялық рөлi
Қаралымдар: 49 / PDF жүктеулері: 11
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7034-2020-130-1-31-36Кілт сөздер:
магний, марганец, тыңайтқыш, шоғырлану, өсiмдiк, темекi мозайкасы вирусыАңдатпа
Қазiргi заманда металдар адамның тiршiлiк әрекетiнiң барлық салаларында кеңiнен қолданылады. Қазақстан Республикасында өсiмдiк шаруашылығы аса маңызды сала болып табылады. Металдар ауыл шаруашылығы
дақылдарының шығымдылығы мен тұрақтылығын жоғарылату үшiн тыңайтқыштар ретiнде қолданылады. Мақалада магний мен марганец элементтерi қарастырылған, себебi олар барлық өсiмдiктердiң тiршiлiк әрекетiнiң негiзгi болып табылады. Өсiмдiктер үшiн топырақта өмiрлiк маңызы бар осы компоненттердiң жетiспеуi жапырақтарда сары дақтар мен жолақтардың пайда болуына, өсiмдiктiң баяу өсуiне, оның ауруларға төзiмдiлiгiнiң азаюына және нәтижесiнде өсiмдiктiң өзiнiң солып қалуына әкелiп соқтырады. Осылайша, соңғы жылдардың мәлiметтерi бойынша жоғарыда аталған микроэлементтердiң жоғары сезiмталдығы жауапты күшейтуге тартылғандығын көрсетедi. Осы механизм өсiмдiктiң ауруларға бейiмделуiнiң молекулалық стратегиясында басты рөл атқаруы мүмкiн.