Тритикаленiң оқшауланған микроспоралар дақылдарының технологиясы ( × Triticosecale Wittmack)
Қаралымдар: 3 / PDF жүктеулері: 2
Кілт сөздер:
тритикале, оқшауланған микроспоралар дақылдары, андрогендiк құрылымдар, регенерация, плоидтiлiк, дигаплоидтi өсiмдiкАңдатпа
Тритикале (×Triticosecale Wittm.) бидайдың (Triticum) және қара бидайдың (Secale) синтетикалық
буданы болып табылады және екi ата-аналық түрлердiң де бағалы қасиеттерiн бiрiктiредi: жоғары азықтық құндылығы
және өсiруге қойылатын төмен талаптар. Қазақстанда осы жемшөптiк дақылдың дамуын және селекциясын жеделдету
үшiн андрогендiк технология сияқты биотехнологиялық әдiстi пайдалану өзектi болып табылады. Микроспордан
алынған дигаплоид өсiмдiктер гомозиготалы линияларды алудың ең жылдам тәсiлiн қамтамасыз етедi. Оқшауланған
микроспоралар дақылдарын тозаңдық дақылдаумен салыстырғанда көп еңбектi қажет ететiн технология және
жұмыстың әрбiр кезеңiнде барлық факторлар мен жағдайларды оңтайландыруды талап етедi. Отандық селекциялық
бағдарламаларға оқшауланған микроспоралар дақылдарының технологиясын енгiзу үшiн қолда бар хаттамаларды
қолданып, селекциондық материал тритикаледе тiкелей сыни нүктелердi өңдеу қажет. Бұл зерттеудiң мақсаты
отандық селекцияның тритикале сорттары мен линияларының оқшауланған микроспора дақылдарының гаплоидтық
технологиясының барлық кезеңдерiн оңтайландыру және дигаплоидтiк линияларды алу болып табылады. Оқшауланған
микроспоралар дақылдарының технологиясы тритикаленiң 6 үлгiсiнде (Т-434-2, Т-968, Т-45, Зернокормовое 5, ЯТХ
18-11, ЯТХ-327-11) сынақтан өткiзiлдi. Хаттаманың сыни нүктелерi толықтырылды. Эмбриогенез индукциясы үшiн
қоректiк орта (mW14) таңдап алынды, оны пайдалану кезiнде 233 андрогендiк құрылым және 12,2 дана жасыл
өсiмдiктерден100 тозаңға дейiн алынды. Кездейсоқ екi еселену процесi 23,1%- ды құрады. Құрамдастырылған
әдiстi қолдану (кездейсоқ екi еселену, колхициндеу) дигаплоидтi линиялардың өндiрiсiн 50,6%- ға дейiн арттыруға
мүмкiндiк бердi. Бұл пайыздық көрсеткiш селекционерлердiң бiр гибридтi комбинациядан немесе линиядан дигаплоидтiк
линиялардың жеткiлiктi санын алуға мүмкiндiк бередi.






