Авторларға арналған нұсқаулық

Редакция авторлардан ережелерді (журнал туралы жалпы ақпаратты қамтитын журналдың редакциялық саясаты, мақалаларды рецензиялау тәртібі, авторларға ұсыныстар, жарияланым этикасы) мұқият оқып шығуды және журналға мақала жіберу кезінде, оларды сақтауды сұрайды.

«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биология ғылымдары сериясы» журналы заманауи биологияның әртүрлі салаларындағы аяқталған түпнұсқалы зерттеулердің нәтижелерін, теориялық және шолу мақалаларын жариялайды. Журнал редакциялық алқаның тапсырысы бойынша (немесе авторлар ұсынған және редакциялық алқа мақұлдаған) биология және биомедициналық ғылымдардың ең өзекті мәселелерін қамтитын шолу мақалаларын жариялайды. Шолу мақалаларының авторларында ұсынылған тақырып бойынша жарияланған еңбектері болуы шарт. Әдебиеттер тізімінде берілген тақырып бойынша соңғы 5-10 жылда жарияланған еңбектер енгізілуі керек.

«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биология ғылымдары сериясы» журналының редакциясына келіп түскен барлық материалдар қолжазбалары міндетті түрде екі жақты «соқыр» тексеруден өтеді. Алынған рецензиялар негізінде журналдың редакциялық алқасы соңғы шешімді қабылдайды.

Барлық мақалалар үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады, олар бұрын баспа және/немесе электронды түрде жарияланбауы керек. Редакцияға мақаланың түскен күні, соңғы нұсқасын қабылдаған күн болып саналады. Редакция мақаланың мәтініне мағынасын бұзбайтындай редакциялық өзгерістерді енгізу құқығын өзіне қалдырады.

Шетелдік авторлардың мақалалары, сондай-ақ ағылшын тіліндегі мақалалар журналдың әрбір нөміріндегі жарияланымдар санының кемінде 1/3 (үштен бір) бөлігін құрайды немесе шетелдік автордың қазақстандық авторлармен бірлеспеген ағылшын тіліндегі 1 (бір) мақаласы есепке алынады.

Баспаға қатысы жоқ авторлардың ғылыми мақалалары журналдың әрбір нөміріндегі жарияланымдар санының кемінде 50%-ын (елу пайызын) құрайды.

Журналдың бір нөмірінде автор бір мақаладан артық (соның ішінде бірлескен авторлықты да қоса алғанда) жариялай алмайды.

Плагиатқа қарсы жүйе арқылы тексерілгеннен кейін, кемінде 70% түпнұсқалығы бар қолжазбалар ғана рецензиялауға жіберіледі.

«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биология ғылымдары сериясына» мақаланы дайындау кезінде ғылыми мақаланың құрылымын қатаң сақтау және рәсімдеу ережелерін басшылыққа алу қажет.

Мақаланы рәсімдеу параметрлері: бет – A4, бағдары – кітапша, туралауы тең, барлық жағынан шеттер – 20 мм. Шрифт: Times New Roman, өлшемі – 14, жол аралығы – 1, абзац – 1,0 см. Мақала 20 беттен аспауы керек.

Мақалаларды жариялау туралы шешімді журналдың редакциялық алқасы, ұсынылған материалдардың ғылыми маңыздылығы мен өзектілігін ескере отырып, рецензиялаудан кейін қабылдайды. Редакция қабылдамаған мақалалар қайта қаралмайды және қабылданбайды.
Мақалалар жұмыс жүргізілген ғылыми мекеменің жолдамасымен бірге жіберілуі тиіс.


ҚОЛЖАЗБАЛАРДЫҢ РӘСІМДЕЛУІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

«Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биология ғылымдары сериясына» ғылыми мақаланы жариялауға дайындау кезінде құрылымын қатаң сақтау және рәсімделуі талаптарын басшылыққа алу қажет.

Мақаланы рәсімдеу параметрлері: бет – A4, бағдары – кітапша, туралауы тең, барлық жағынан шеттер – 20 мм. Шрифт: Times New Roman, өлшемі – 14, жол аралығы – 1, абзац – 1,0 см. Мақала 20 беттен аспауы керек.

Мақаланың мәтіні мүмкіндігінше қысқа және мұқият өңделген, бірақ оны түсінуге және нәтижелерін жаңғыртуға зиян келтірместен ұсынылуы керек.

 

Қолжазбаның құрылымы

Ғылыми мақаланың құрылымына IMRAD (түпнұсқалы мақалалар үшін), тақырып, аңдатпа, түйін сөздер, кіріспе, материалдар мен әдістер, нәтижелер, талқылау, қорытынды, қаржыландыру туралы ақпарат (бар болса) және әдебиеттер тізімі кіреді. Қолжазба келесідей құрылымдалған болуы керек:

- ХҒТАР
- Мақаланың түрі
- Автор(лар)дың толық аты-жөні ( ORCID белгісін қою)
- Автор(лар)дың жұмыс орны, қаласы, мемлекеті, электрондық поштасы
- Аңдатпа
- Түйін сөздер
- Кіріспе
- Материалдар мен зерттеу әдістері
- Нәтижелер
- Талқылау
- Қорытынды
- Авторлардың үлестері
- Қаржыландыру туралы ақпарат
- Мүдделер қақтығысы
- Этикалық нормаларды сақтау
- Әдебиеттер тізімі
- Авторлар туралы мәліметтер.

 

Мақала бөлімдерінің мазмұнына қойылатын талаптар

Тақырыптар бойынша ХҒТАР (Халықаралық ғылыми-техникалық ақпараттың рубрикаторы) http://www.grati ru сайтынан анықтауға болады. Мақаланың сол жақ жоғары жағында орналасады, шрифт өлшемі – 14. Стильдеу файлын журналдың https://bulbio.enu.kz/ сайтынан жүктеп алуға болады.

Мақаланың түрі ХҒТАР (шолу немесе ғылыми мақала) астында бірден көрсетіледі.

Мақаланың тақырыбы ХҒТАР-дан кейін бір жол тастап ортада орналасады, шрифті қою қара, түзу, өлшемі – 14.
Автор(лар). Автор(лар)дың бас әріптері мен тегі, ортада орналасады, шрифті қою қара, өлшемі – 14. Міндетті түрде ORCID ( ) белгісін қою керек.

Автор(лар)дың жұмыс орны, қаласы, мемлекеті, электрондық поштасы. Ұйымның толық атауы (қысқартуларға жол берілмейді), қаласы, мемлекеті (егер авторлар әртүрлі ұйымдарда жұмыс істейтін болса, автордың тегі мен сәйкес ұйымның қасына бірдей белгі қою қажет); автор(лар)дың Е-mail – жақшада, курсивпен (* – хат алмасу үшін автор көрсетіледі). Ортасына туралау, шрифт өлшемі – 14, курсив.

Аңдатпа (Аннотация/Abstract) 250 сөзден аспауы шарт және бір абзацта болуы керек. Аңдатпа мақаланың ерекшеліктерін көрсететін және мақала құрылымын сақтай отырып, жұмыстың негізгі нәтижелерін және олардан туындайтын қорытындыларды қысқа және нақты сипаттайтын мақаланың қысқаша мазмұны болуы керек. Туралау – ені бойынша, қаріп өлшемі – 14.

Түйін сөздер (Ключевые слова/Кеу words) 5-7 сөзді және/немесе сөз тіркесін қамтиды, мақаланың негізгі мазмұнын көрсетуі және мақала мәтінінде кездесетін зерттеудің саласын анықтауы керек. Түйін сөздер бір-бірінен үтір арқылы бөлінеді, соңында нүкте қойылмайды. Туралау – ені бойынша, қаріп өлшемі – 14.

Мақаланың негізгі бөлімі IMRAD құрылымына сәйкес келесі бөлімдерден тұрады: (кіріспе (мақсат пен міндеттерді қою, тарихы), зерттеу әдістері, талқылаулар/нәтижелер, қорытынды), (абзацтан қою қара шрифтпен жазылады):

Кіріспе. Бұл бөлімде берілген жұмысқа ұқсас немесе жақын зерттеулер міндетті түрде қарастырылып, мәселенің тарихы қысқаша баяндалады және зерттеу мақсаты тұжырымдалады.

Зерттеу материалдары мен әдістерін ұсынудың негізгі талабы, процедуралар мүмкіндігінше қысқаша сипатталуы тиіс, бірақ сипаттама бойынша тәжірибелерді қайталап жасау мүмкін болуы керек. Тек жаңа әдістер егжей-тегжейлі сипатталады; бұрын жарияланған және белгілі әдебиеттер үшін авторды және/немесе әдіс атауын көрсете отырып, әдебиеттер тізімінде оларға сілтеме жасау жеткілікті. Эксперименттік мақалаларда статистикалық өңдеу әдістері болуы керек.

Нәтижелерде алынған эксперименттік мәліметтердің қысқаша сипаттамасы болуы керек (кестелер мен суреттер тікелей мақала мәтінінде орналасады, араб цифрларымен реттілігі бойынша нөмірленіп, тақырыбы жазылады және мәтінде оларға сілтеме жасалады). Суреттер мен графиктер стандартты форматтардың бірінде ұсынылуы керек: PS, PDF, TIFF, GIF, JPEG, BMP, PCX. Нүктелік суреттер 600 dpi кескінімен орындалуы қажет. Суреттерде барлық мәліметтер, белгілер нақты, айқын көрсетілуі керек. Бұл бөлім нәтижелерді талқылауды қамтымауы тиіс, сипатталған эксперименттер арасындағы себеп-салдар байланысын түсіндіру жеткілікті.

Талқылау нәтижелерді түсіндіруді (бірақ қайталауды емес) және бұрын жарияланған деректермен салыстыруды қамтуы керек. Бөлімнің соңында мақаланың кіріспе бөлігінде қойылған сұраққа жауапты қамтитын негізгі қорытындыны тұжырымдау ұсынылады.

Қажет болған жағдайда қолжазба қорытындымен аяқталады.

Авторлардың үлесі. Жұмысқа және қолжазбаны дайындауға әрбір автордың (аты-жөні инициалдар түрінде) қосқан үлесі сипатталуы керек («Авторлардың үлестері» бөлімі). Мысалы: А.Б. – жұмыстың тұжырымдамасы және оны басқару; В.Г. – эксперименттер жүргізу; В.Д. – зерттеу нәтижелерін талқылау; Е.Ж. - мәтінін жазу; А.Б. және Е.Ж. – мақала мәтінін өңдеу.

Қаржыландыру. Егер зерттеу жұмысы қандай да бір ұйымның қолдауымен жүргізілсе, «Қаржыландыру» бөлімінде қолдау көрсеткен қор мен гранттың нөмірін көрсетіп жазу керек.

Алғыстар бөлімінде авторлардың тілегі бойынша жұмысты орындауға және мақаланы дайындауға көмек көрсету туралы ақпарат беріледі.

Мүдделер қақтығысы бөлімінде авторлар қаржылық немесе басқа салада мүдделер қақтығысының бар немесе жоқтығын мәлімдейді. Бұл бөлім міндетті болып табылады.

Этикалық нормаларды сақтау бөлімі де міндетті болып табылады. Егер зерттеулер жануарларға жүргізілген болса, онда бұл бөлімде: «Жануарларға жүргізілген зерттеулерде барлық рәсімдер мекеменің этикалық нормаларына, сонымен қатар ҚР және халықаралық ұйымдардың бекітілген нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес келеді» деп көрсетіледі. Егер зерттеулерге адамдар қатысқан болса, «Этикалық нормаларды сақтау» бөлімінде: «Адамдардың қатысуымен жүргізілген зерттеулердегі орындалған барлық рәсімдер ұлттық зерттеу этика комитетінің этикалық стандарттарына және 1964 жылғы Хельсинки декларациясына және кейінгі түзетулеріне немесе салыстырмалы этикалық стандарттарға сәйкес жасалды. Зерттеуге қатыстырылған әрбір адамнан ерікті келісім хат алынды» деп жазылады. Мақаладағы зерттеулерде адамдар немесе жануарлар пайдаланылмаса, «Этикалық нормаларды сақтау» бөлімінде: «Авторлар орындаған бұл мақалада адамдарды немесе жануарларды объектілер ретінде пайдаланған зерттеулер жоқ» деп жазылады.

Әдебиеттер тізімі. Баспаға жариялауға ұсынылған барлық мақалалар, жарияланымдар және материалдар журнал талаптарына сәйкес әдебиеттер тізімімен (Vancouver style) рәсімделген болуы керек.

Әдебиеттер тізімі кемінде 30 әдебиетті қамтуы керек және осы мәселе бойынша барлық маңызды соңғы жарияланымдарға сілтемелер болуы тиіс. Әдебиеттер тізімі мәтіндегі сілтемелер ретімен нөмірленеді. Әдебиеттер тізімінде мақала мәтінінде сілтеме жасалған дереккөздер ғана болуы қажет. Тыныс белгілер, бос орындар, бас және кіші әріптердің орналасу ережелері сақталуы тиіс. Сілтеме нөмірлер шаршы жақшаға [ ] алынуы керек; мысалы, [1], [3-6] немесе [1,3]. Нәтижелері жарияланбаған корректурадағы мақалаларға сілтемелер қабылданбайды. EndNote, Reference Manager немесе Zotero жүйесін қолданатын авторлар үшін Ванкувер стилін пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар, мақаланың DOI-ін көрсету керек. DOI көрсетілгеннен кейін соңында нүкте қойылмайды.

Төменде ғылыми журналдарға, монографияларға, жинақтарға, диссертацияларға және электрондық ресурстарға (бағдарламаларға/деректер базаларына) сілтемелерді рәсімдеудің мысалдары келтірілген:

1. Smith J. Biochemistry of Fish. 2nd ed. Oxford: Oxford University Press; 2020. – Кітаптар, бір автор.

2. Brown K, White P, Green R. Advanced Drug Discovery: Methods and Applications. London: Springer; 2018. – Кітаптар, бірнеше авторлар.

3. Jones M. Enzyme kinetics in drug metabolism. In: Black P, editor. Handbook of Pharmacokinetics. New York: Academic Press; 2015. p. 45-67. doi.org/10xxxxxxxxxxxxx – Кітаптар, кітаптағы тарау.

4. Johnson TR. The role of protein interactions in neuropharmacology. J Neurochem. 2021;150(4):245-56. doi.org/10xxxxxxxxxxxxx – Журналдардағы мақалалар, бір автор.

5. Lee A, Kim B, Patel R. Novel insights into blood-brain barrier permeability. Pharmacol Res. 2019;135:30-41. doi.org/10xxxxxxxxxxxxx – Журналдардағы мақалалар, бірнеше авторлар.

6. Wong J, Smith L, Cooper R, et al. Macromolecular transport across cellular membranes. Mol Biol Cell. 2020;31(5):1123-35. doi.org/10xxxxxxxxxxxxx – Журналдардағы мақалалар, алты немесе одан да көп авторлар (үштен кейін “et al.” деп көрсетеміз).

7. World Health Organization. Global health estimates 2023 [Internet]. Geneva: WHO; 2023 [cited 2025 Feb 10]. Available from: https://www.who.int/gho – Электрондық дереккөздер, сайт.

8. Müller T. Biochemical pathways in neurodegenerative diseases [dissertation]. Munich: Ludwig Maximilian University; 2017. – Диссертация.

Мақаланың негізгі мәтіні және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен кейін орыс және ағылшын тілдерінде аңдатпа (егер мақала қазақ тілінде болса, онда аңдатпа орыс және ағылшын тілдерінде; мақала ағылшын тілінде болса, аңдатпа қазақ және орыс тілдерінде) беріледі, бұл мақала тақырыбының түпнұсқалы аудармасы болып табылады, ағылшын транскрипциясында авторлардың инициалдары мен тегі, индекстері бар мекеме атаулары, қаласы мен мемлекет атаулары, аңдатпа мәтіні және түйін сөздері жазылады.

Транслитерациядағы әдебиеттер тізімі. Әдебиеттер тізіміне кириллицада берілген жұмыстар кірсе, әдебиеттер тізімі екі нұсқада: біріншісі – түпнұсқада, екіншісі – римдік алфавитте (транслитерация) ұсынылуы қажет. Бұл бөлім міндетті болып табылады. Орыс мәтінін латын тіліне транслитерациялау үшін www.translit.net тегін онлайн бағдарламасын пайдалануға болады. Бұл онлайн платформа қазақ әліпбиінің жеке әріптерін транслитерацияламайды. Авторлар мұнда қазақша мәтінді транслитерациялаудан кейін, келесі ережелерге сәйкес түзетулер енгізуі керек:

ә

ғ

ң

ө

ү

ұ

қ

і

a

g

n

o

y

y

k

i

1. Ahmetzhanova SB. Vysshee obrazovanie v Kazahstane: problemy i perspektivy razvitija [Higher education in Kazakhstan: problems and development prospects]. BULLETIN of the L.N. Gumilyov Eurasian National University. Chemistry. Geography. Ecology Series. 2016;(5):10-18. doi.org/10xxxxxxxxxxxxx [in Russian] – Мақала тақырыбының ресми аудармасы және журнал тақырыбының ресми аудармасы болмаған жағдайда

2. Tokaev K-Z. Ezhegodnaja avgustovskaja konferencija s uchastiem glavy gosudarstva [Annual August conference with the participation of the head of state]. Zakon.kz [Internet]. 2019 Aug 16 [cited 2023 Jul 25]. Available from: https://www.zakon.kz/redaktsiia-zakonkz/4981834-polnyy-tekst-vystupleniya-tokaeva-na.html [in Russian] – Мақала атауының ресми аудармасы болмаған жағдайда

3. Cinidu M, Gerojannis V, Ficilis P. Ocenka faktorov, opredeljajushhih kachestvo vysshego obrazovanija: jempiricheskoe issledovanie [Assessing the factors determining the quality of higher education: an empirical study]. Obespechenie kachestva v obrazovanii [Quality Assurance in Education]. 2010;18(3):227-44. doi.org/10xxxxxxxxxxxxx [in Russian] – Мақаланың атауы мен журнал атауының ресми аудармасы болмаған жағдайда

4. Grekov B. Istorija i kino. Sovetskij istoricheskij fil'm [History and cinema. Soviet historical film]. Moscow: Goskinoizdat; 1939. [in Russian] - Кітап атауының ресми аудармасы болмаған жағдайда

5. Timiryazev KA, The Life of a Plant. Moscow: Izd. A.L. Vasilyeva. 1936. [in Russian] – Кітап атауының аудармасы болса

6. Romashova MV. Iskljuchenie iz pravil: sovetskie detskie doma v poslevoennoe desjatiletie [An exception to the rule: Soviet orphanages in the post-war decade]. In: Astafevskie chtenija: konferencija «Vremja veselogo soldata»: cennosti poslevoennogo obshhestva i ih osmyslenie v sovremennoj Rossii [Astafyev Readings: Conference "Time of the Merry Soldier": Values of Post-War Society and Their Understanding in Contemporary Russia]. Perm'; 2009. p. 108-16. doi.org/10xxxxxxxxxxxxx [in Russian] – Мақала тақырыбының ресми аудармасы және конференция атауының ресми аудармасы болмаған жағдайда

7. Romashova MV. Sovetskoe detstvo v 1945-seredine 1950-h gg.: Osobye proekty i provincial'nye praktiki: na materialah Molotovskoj oblasti [Soviet childhood in 1945-mid-1950s: Special projects and provincial practices: based on materials from the Molotov region]. [dissertation]. Perm'; 2006. [in Russian] – Диссертация тақырыбының ресми аудармасы болмаған жағдайда

Кейіннен 3 тілде «авторлар туралы ақпарат» беріледі. «Авторлар туралы ақпарат» бөлімінде барлық ақпарат – толық аты-жөні – хат алмасу авторы, ғылыми дәрежесі, мамандығы, лауазымы, ұйымы, мекенжайы, пошта индексі, қаласы, мемлекеті – көрсетіледі.

 

МАҚАЛАДЫ ҚАРАСТЫРУ ТӘРТІБІ

Автор ұсынған қолжазба журналдың редакциялық алқасына жіберіледі (қолжазбаның екі нұсқасы, оның біреуінде авторлар туралы мәліметтер (аты-жөні, жұмыс орны, авторлар туралы мәліметтер) болмауы керек). Қолжазбамен бірге автор(лар) журналдың редакциясына жіберілген қолжазбаның автономдылығы туралы ілеспе хатты (ілеспе хат үлгісін қараңыз), мақаланы плагиатқа тексеруге, әртүрлі дерекқорларға және ақпараттық жүйелерге енгізуге, оның ішінде толық мәтінді нұсқаларын жариялауға баспагерге ерекше құқық береді. Қолжазбаның журналдың тақырыптық бағытына сәйкестігі, сонымен қатар рәсімделу және техникалық талаптарға сәйкестігі тексеріледі.

Кейіннен қолжазбаның түпнұсқалығы плагиат жүйесі арқылы тексеріледі. Автоматты плагиатты тексеру нәтижелері бойынша толық электронды есеп алынады. Қанағаттанарлық нәтиже алмаған мақалалар (мақала түпнұсқалығының шекті пайызы 70%) одан әрі қарауға қабылданбайды және тиісті авторға хабарлама жіберіледі.

Кейіннен қолжазба рецензиялауға жіберіледі, ол авторлар туралы ақпаратты көрсетпей журналдың электронды платформасы арқылы құпия түрде жүзеге асырылады. Мақалаларды редакциялық алқа мүшелері, сонымен қатар шақырылған рецензенттер – Қазақстандағы және басқа елдердегі тиісті саланың жетекші сарапшылары қарастырады. Рецензенттер қолжазбаның негізгі ғылыми критерийлерге сәйкестігіне, оның сапасы мен маңыздылығына нақты, объективті және дәлелді баға беруі қажет. Журнал рецензияланатын қолжазба тақырыбы бойынша ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежелері және ғылыми мамандығы бар кемінде екі ғалымның «қосарланған соқыр» рецензиясын пайдаланады. Рецензенттердің қарау мерзімі 20 күнді құрайды, бірақ рецензенттің өтініші бойынша ұзартылуы мүмкін. Рецензент қолжазба материалдарын қабылдауға және интерпретациялауға әсер ететін айқын мүдделер қақтығысы болған жағдайда қараудан бас тартуға құқылы.

Тәуелсіз рецензенттен теріс пікір алған қолжазбаны редакциялық алқа қабылдамайды. Қайта қарауды қажет ететін мақала авторларға рецензенттер пікірлерімен бірге жіберіледі. Авторлар шолу барысында айтылған барлық ескертулерді ескеруі керек. Енгізілген барлық өзгертулер сары түспен көрсетіліп, автордың пікірге берген жауабы да қоса тіркелуі керек (жеке файлда). Мақаланы қайта қарау авторларға өзгертулер енгізу қажеттілігі туралы хат жіберілген сәттен бастап бір айдан аспауы керек. Автор өңдеген мақала қайта қарауға жіберіледі. Авторлар материалдарды қайта қараудан бас тартқан жағдайда, мақаланы жариялаудан бас тартқаны туралы редакцияны жазбаша хабардар етуге міндетті. Егер авторлар рецензенттің пікірін алған күннен бастап 1 ай ішінде қолжазбаның түзетілген нұсқасын қайтармаса, редакция оны тізілімнен алып тастайды. Мұндай жағдайларда авторларға пысықтауға берілген мерзімнің аяқталуына байланысты қолжазбаны тіркеуден алып тастау туралы тиісті хабарлама жіберіледі.

Басылымға екі рецензент пен Бас редактордың оң пікірлері бар қолжазбалар ұсынылады. Егер рецензенттердің бірі қолжазбаға оң, екіншісі теріс пікір берсе, онда қолжазбаны бас редактор үшінші рецензентке немесе қолжазба тақырыбы бойынша сарапшы болып табылатын редакция алқасының мүшесіне жібереді. Үшінші рецензент немесе редакция алқасының мүшесінен оң қорытынды алынса, қолжазбаны басып шығаруға қабылдау/қабылдамау туралы түпкілікті шешімді Бас редактор қабылдайды. Редакциялық алқа мақұлдаған қолжазбалар Журналдың санын қалыптастыру үшін ұсынылады. Егер автор мен рецензенттер арасында қолжазбаға қатысты шешілмейтін келіспеушіліктер болса, редакция алқасы қолжазбаны қосымша қарауға жіберуге құқылы.

Даулы жағдайларда шешімді рецензенттердің ұсыныстарына сәйкес редакция алқасының отырысында бас редактор қабылдайды. Редакциялық алқаның шешімімен басылымға және қайта қарауға ұсынылмаған мақала қабылданбайды. Жарияланудан бас тарту туралы хабарлама авторға электрондық пошта арқылы жіберіледі.

Журналдың редакциялық алқасы мақаланы жариялауға қабылдау туралы шешім қабылдағаннан кейін, редакция бұл туралы авторға хабарлайды және жариялану мерзімін көрсетеді.

Оң пікірдің болуы мақаланы жариялау үшін жеткілікті негіз болып табылмайды. Жариялау туралы түпкілікті шешімді редакциялық алқа қабылдайды. Даулы жағдайларда шешімді бас редактор қабылдайды.

Түпнұсқалы шолулар журналдың редакциясында 5 жыл сақталады.