13-15 жастағы қыздардың әртүрлi соматотиптерiнiң морфофункционалды дамуы
Қаралымдар: 12 / PDF жүктеулері: 4
Кілт сөздер:
морфофункционалды даму, конституция түрлерi, антропометриялық көрсеткiштер, кардио респираторлық жүйе, дене дамуыАңдатпа
Бұл мақалада Қазақстанның Павлодар және Қызылорда облыстарында тұратын конституцияның
түрлерiне байланысты 13-15 жастағы қыздардың морфофункционалды көрсеткiштерiне салыстырмалы талдау
келтiрiледi.
Зерттелген қыздардың көбiсi астеноидтық және торакалдық конституция түрлерiне жатқан. Дене
ұзындығы (ДҰ), дене салмағы (ДС), кеуде қуысының шеңберi (КҚШ), бiлек күшiне, тыныштық күйiндегi және
мөлшерленген жүктемеден кейiнгi кардио-респираторлық жүйенiң көрсеткiштерi сияқты морфологиялық көрсеткiштерге
елеулi көңiл бөлiнедi. Зерттеу барысында екi облыстағы қыздардың астеноидты түрден дигестивтi түрге қарағанда
морфологиялық көрсеткiштерi (ДҰ, ДС, КҚШ) ұлғаюда. Алынған нәтижелер көрсеткендей, дигестивтi түрдегi
қыздардың кардиореспираторлық жүйесiнiң мүмкiндiктерi басқа соматотиптердiң қыздары мен салыстырғанда аз.






