Теректiң микро өркедерiн көбейтудiң коэффиценттерiн артыру үшiн микроклонды көтейтудiң жағдайларын оңтайландыру
Қаралымдар: 8 / PDF жүктеулері: 1
Кілт сөздер:
Ақ терек, Болле терегi, қолтық бүршiк, қоректiк орта, in vitroАңдатпа
Populus L. (тұқымдас. Salicaceae) терек тұқымдастарның өкiлдерi елдi мекендердi көгалдандырмен әртүрлi
типтегi қорғалатын көшеттердi жасау мақсатында кеңiнен қолданылады. Кейбiр терек түрлерiн дәстүрлi жолмен
көбейтудiң қиындықтары, олардың әлсiз тамырлануы, сондай-ақ бактериялық және саңырауқұлақ жұқпаларының
жоғары деңгейде жұғуы болып табылады. Сол себептi, асептикалық жағдайда жасанды қоректiк ортада клоналды
микро көбейтудiң осы әдiстерiн қолдану, теректiң бағалы түрлерi үшiн өзектi болып табылады. Жұмыстың
негiзгi мақсаты-культураға енгiзiлген қолтық бүршiктерден шыққан ақ және Болле теректердiң микроөркендерiнiң
көбейту коэффициентiн жоғарлату үшiн микроклонды көбейтудiң жағдайларын оңтайландыру болып табылады.
Берiлген мақсаттың шешiмi үшiн өсiмдiк регенерациясы қолтық бүршiктердiң тура пролиферациясы негiзiнде алынған
микроөркендердiң мультипликациясы және оның тамырлануы басты мiндет болып табылады. Теректiң екi түрiнiң негiзгi
өркендерiнiң жоғары регенерациясы WPM қоректiк ортасына БАП 0,5 мг/л және ГК 0,2 мг/л гормондары қосылған
ортасында болды. Өркендер санын арттыруда қолтық бүршiктер үшiн БАП (ВА) 0,2 мг/л және ГК(GA) 0,2 мг/л
гормондары қосылған WPM қоректiк ортасыда өсiрген өте оңтайлы. Ағаш өсiмдiктерi үшiн ақ және Болле теректерiнiң
микроөркендерiнiң өсуiмен тамырлануында (ИМҚ) 0,01 мг/л гормоны қосылған Ѕ WPM қоректiк ортасы оңтайлы болып
табылады. Осылайша, теректiң микроөркендерiнiң көбейту коэффициентiн жоғарлатуда микроклоналды көбейтудiң
жағдайлары оңтайландырылды.






