Iле өзенiнiң дельтасының әртурлi биотоптарынан ақмарқанын Aspius aspius (Linnaeus, 1758) құртшабақтарының даму ерекшелiктерi


Қаралымдар: 10 / PDF жүктеулері: 1

Авторлар

  • Н.Ш. Мамилов Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетi
  • Ф.Т. Амирбекова Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетi
  • Т.М. Шалахметова Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетi
  • Ж.А. Адильбаев «Iле-Балқаш мемлекеттiк табиғи қорығы» РМК
  • Т.Г. Конысбаев Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетi
  • Л.Р. Сутуева Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетi

Кілт сөздер:

ақмарқа, даму, құртшабақ, Iле өзенi, морфологиялық талдау, өзгермелiгi

Аңдатпа

Ақмарқа Aspius aspius Балқаш көлiнiң бассейнiне енгiзiлген маңызды кәсiптiк балық түрi болып
табылады. Осы балықтын даму биологиясы аз зерттелген. Сондай-ақ, табиғи су айдындарына адамның әсер етуiнiң
әртүрлi тәсiлдерiне құртшабақ балықтарынын реакциясы аз зерттелген. 2018 жылы өткiзiлген зерттеудiң мақсаты
Iле дельтасында ақмарқаның құртшабақтарының даму жағдайын бағалау болып табылады. Морфологиялық және
биологиялық талдау дәстүрлi схема бойынша жүргiзiлдi. Сондай-ақ, екi жақты белгiлердiң өзгермелi асимметриясы
зерттелген. 11 есеп және 14 пластикалық белгiлердiң жай-күйi зерттелдi. Популяциялық саналуандылығы негiзгi
компоненттi әдiс арқылы бағаланды. Iле өзенiнiң әр түрлi жастағы құртшабақтар дельтадан жоғары табылған, ал бiрiншi
жастағы құртшабақтар тек қана тармақтарда өмiр сүредi. Iле өзенiнiң дельтасында ақмарқаның құртшабақтар дамуы
Волга, Орал және Сырдария өзендерiне қарағанда әлдеқайда баяу жүредi. Бiз зерттеген балықтардағы As асимметрия
ауытқу коэффициентiнiң мәндерi жеке дамудың гомеостазында елеулi бұзушылықтарды көрсетедi. Зерттелген дарақтар
арасында фенодтивиаттар табылды- қысқа тұмсықты дарақтар (мопстәрiздес). Құртшабақтардың пластикалық және
саналы белгiлерi бұл түрге белгiлi шектерден тыс үлкен ауытқушылықпен сипатталады. Жалпы тiршiлiк ортасының
жағдайы құртшабақтардың дамуына қолайсыз деп бағаланды.

Жарияланды

2026-06-08

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мамилов, Н. ., Амирбекова, Ф. ., Шалахметова, Т. ., Адильбаев, Ж. ., Конысбаев, Т. ., & Сутуева, Л. . (2026). Iле өзенiнiң дельтасының әртурлi биотоптарынан ақмарқанын Aspius aspius (Linnaeus, 1758) құртшабақтарының даму ерекшелiктерi. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 126(1), 66–76. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/1010

Журналдың саны

Бөлім

Статьи