Органикалық қалдықтарды ферменттеуге қабiлетi бар белсендi микроорганизмдер штамдарының фенотиптiк қасиеттерiн зерттеу
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
микроорганизмдер, органикалық қалдықтар, жануарлардың қалдықтары, құс саңылықтары, ферменттеуАңдатпа
Бұл мақалада ауыл шаруашылық кәсiпорындарында органикалық қалдықтарды өңдеу үшiн белсендi
микроорганизмдердiң оқшаулану және скринингiнiң нәтижелерi келтiрiлген.Органикалық қалдықтарынан 32 изолят
бөлiнiп алынды және де бөлiнiп алынған микроорганизмдерге скрининг жұмыстары жүргiзiлiп олардың мал мен
құс қалдықтарында өсу қабiлетiн, көң және көңдi жағымсыз иiстерiн бейтараптандыру, сондай-ақ өсу кезiнде
органикалық заттардың температурасын көтеру мүмкiндiгi анықталды. Скрининг нәтижелерi бойынша органикалық
қалдықтарда репродукциялауға қабiлеттi 15 микроорганизм өсiндiсi таңдалды. Өсiндiнi әрi қарай iрiктеу ферментативтi
белсендiлiкпен жүзеге асырылды. Таңдалған изоляттардың амилолитикалық, протеолитикалық, целлюлитикалық
және липаза белсендiлiгi зерттелдi. Органикалық қалдықтарды ферменттеуге қабiлеттi микроорганизмдердiң белсендi
штаммдарының фенотиптiк қасиеттерi (физиологиялық, биохимиялық, культуральдiк және морфологиялық) бiрқатар
сынақтар жасау арқылы зерттелдi.






