Өкпенiң созылмалы обструктивтi ауруы және бронх демiкпесi айқас синдромымен ауыратын науқастардың иммунологиялық жағдайын бағалау
Қаралымдар: 2 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
Астма, иммунологиялық жағдайы, ӨСОА, ӨБДАСАңдатпа
Соңғы жылдарда Өкпенiң созылмалы обструктивтi ауруы және бронх демiкпесi айқас синдромы
(ӨБДАС) оның пайда болу тәсiлдерiн, дифференциалды диагностика мен бақылаудағы қиындықтарды зерттеудiң
жеткiлiксiздiгiнен үлкен қызығушылық тудырып отыр. Зерттеудiң мақсаты ӨБДАС-мен ауыратын науқастардың
иммунологиялық өзгерiстерiнiң ерекшелiктерiн зерттеу болып табылады. Зерттеу барысында 22 науқас өкпенiң
созылмалы обструктивтi ауруы (ӨСОА), 13 науқас бронх демiкпесiмен (БД) және ӨБДАС-мен ауыратын 25 науқас
топтарынан тұрды. Осы мақалада лимфоцит субпопуляцияларының (CD3+, CD3+CD4+, CD3+CD8+, CD19+, CD3
/CD16+CD56+, CD3+HLA-DR) құрамы, иммуноглобулин (IgA, IgG, IgM, IgE)деңгейi анықталды және нейтрофилдердiң
фагоцитарлық белсендiлiгi бағаланды. Зерттеу нәтижелерi бойынша ӨБДАС пен ӨСОА ауыратын науқастарда
CD3+HLA-DR-клеткалары, Е иммуноглобулин деңгейi жоғарыласа, ал үш зерттеу топтарында НКТ тест нәтижесi бойынша фагоцитарлық функциясының төмендегенi байқалды. БД мен ӨБДАС науқастарымен салыстырғанда ӨСОА
науқастарында G иммуноглобулиннiң мәндерi айтарлықтай жоғары екендiгi анықталды. Осылайша, ӨБДАС ауыратын
науқастарда Т-лимфоциттердiң белсенуiнiң, сарысу Е иммуноглобулинiң жоғарлауы мен нейтрофилдердiң фагоцитарлы
белсендiлiгiнiң төмендеуi ретiнде иммунологиялық жағдайының өзгеруi көрiндi.






