Павлодар қаласында 12-15 жас аралығындағы қазiргi мектеп оқушыларының және олардың 2005 жылғы құрдастарының морфофункционалдық көрсеткiштерiнiң cалыстырмалы талдауы


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • С.Ж. Қабиева Павлодар мемлекеттiк педагогикалық университетi
  • Ж.М. Мукатаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • А.А. Ахметова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • А.С. Рамазанова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кілт сөздер:

морфофункционалдық көрсеткiштер, қазiргi оқушылар, абсолюттi көрсеткiштер, салыстырмалы көрсеткiштер, физикалық даму, жаппай өсу қарқыны

Аңдатпа

Мақалада 2005 жылы Павлодар қаласында 12-15 жас аралығындағы қазiргi мектеп оқушыларының
және олардың құрдастарының морфофункционалдық көрсеткiштерiнiң салыстырмалы талдауына арналған. Қыз және
ұл балалардың салыстырмалы аспектiсiнде ұзындығы, дене салмағы және кеуде шеңберi сияқты антропометриялық
көрсеткiштердi зерттеу нәтижелерi, сондай-ақ тыныс алу жүйесi мен тыныс-тiршiлiгiнiң жай-күйiмен қысым
жағдайындағы көрсеткiштерi келтiрiлген.
Қаралып отырған кезеңде дене ұзындығы туралы деректер өзгерген жоқ, бiрақ дене салмағының көрсеткiштерi мен
Кетле индексi артты (қыздар арасында айтарлықтай). Қазiргi оқушыларда тыныс алу жүйесiнiң абсолюттiк мөлшерi
2005 жылғы олардың құрдастарына қарағанда бiршама төмен болды, алайда 15 жасқа қарағанда көрсеткiштер ұлдарда
3,4 литрге дейiн, қыздарда 2.82 литрге дейiн тенелдi. Алынған өмiр индексi деректерi бойынша, 2018 жылы балалардағы
сыртқы тыныс алу жүйесiнiң функционалды мүмкiндiктерi 2005 жылы балаларға қарағанда айтарлықтай төмен, әсiресе
13-14 жас аралығында. 2018 жылы сараптамадан өткен балалардың жүрек соғу жылдамдығы айтарлықтай төмен, бiрақ
жоғары қан қысымы бар екенiн атап өткен жөн.
Осы аймақта балалардың және жасөспiрiмдердiң денсаулығының өзгеру динамикасына мониторинг жүргiзудi
жалғастыру керек екенiн анықталып отыр.

Жарияланды

2026-06-14

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Қабиева, С. ., Мукатаева, Ж. ., Ахметова, А., & Рамазанова, А. . (2026). Павлодар қаласында 12-15 жас аралығындағы қазiргi мектеп оқушыларының және олардың 2005 жылғы құрдастарының морфофункционалдық көрсеткiштерiнiң cалыстырмалы талдауы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 124(3), 25–31. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/1025

Журналдың саны

Бөлім

Статьи