Қазақстан Алтайындағы Сафлор тәрiздi аюдәрiнiң (Rhaponticum carthamoides (Willd.) Iljin) фитоценоздық және ресурстық сипаттамасы
Қаралымдар: 3 / PDF жүктеулері: 1
Кілт сөздер:
экология, фитоценоздық бейiмдiлiк, фитоценоз, ценопопуляция, қор, сирек түрлерАңдатпа
Мақалада Алтайдың Қазақстандық бөлiгiндегi сафлор тәрiздi аюдәрiнiң фитоценоздық және ресурстық
бағасын беруге арналған зерттеулердiң нәтижесi берiлген. Сафлор тәрiздi аюдәрi бағалы дәрiлiк өсiмдiк, табиғи
адаптоген. Халықтың бақылаусыз жинауы салдарынан сафлор тәрiздi аюдәрiнiң табиғи популяциялары күрт
азайып, түр құру шегiне жетiп, Казақстанның Қызыл кiтабына енгiзiлген. Берiлген зерттеудiң мақсаты аталған
түрдiң Қазақстан Алтайы аумағындағы фитоценоздық бейiмделуiмен, түрдiң табиғи қорын анықтау. Жұмыста
Батыс Алтайының Иванов, Оба, Көксу жоталарындағы және Оңтүстiк Алтайының Нарын жотасындағы сафлор
тәрiздi аюдәрiсiнiң фитоценоздарына сипаттама берiлген. Өсiмдiк Шығыс Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи
аумақтарында және адам аяғы жетпейтiн жерлерде жақсы сақталған, табиғи қоры жоғары. Сафлор тәрiздi аюдәрiнiң
табиғи қоры ерекше қорғалатын аумақтарда зерттеу түрдiң қорына мониторинг жүргiзу үшiн анықталған.






