Бейiмделудiң бұзылу белгiлерi бар медициналық колледж студенттерiнiң жеке психологиялық ерекшелiктерiн анықтау
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
бейiмделушiлiк, студеттердiң бейiмделушiлiгiнiң бұзылуы, темперамент түрi, мiнез-құлық акцентуациясы, алаңдаушылық, депрессивтiлiк, факторлық талдауАңдатпа
Мақалада Астана қаласының медицина колледжiнiң бiрiншi курс студенттерiнiң психодиагностикалық
зерттеулерiнiң нәтижелерi келтiрiлген. 17-20 жас аралығындағы бейiмделудiң бұзылу белгiлерi бар 40 студенттiң
алаңдаушылық пен депрессиялықтың психологиялық белгiлерiн, темперамент түрi, эмоционалдық жағдайы,
мiнез-құлықтың сипаты мен қауiптi мiнез-құлыққа бейiмдiлiгi анықталды. Зерттелушiлердiң 40%-ында айқын
алаңдаушылық, 35%-ында клиникалық айқын депрессия белгiсi болды, 60%-ы өзiн жақсы сезiнсе, 12,5%-ы нашар
сезiндi. HADS тестi бойынша, 21 студентте алаңдаушылық пен депрессия дамыған. Бейiмделуi нашар белгiлерi
барлардың арасында экстраверттер- 45%, эмоциялық тұрақсыздары- 65% құрады, қалыпты мiнез-құлық- 60%
ында. Психодиагностикалық тестiлеу нәтижелерi сандық және сапалық талдаудан өттi және авторлар студенттердiң
бейiмделуiнiң бұзуылу мiнез-құлқының қалыптасуы мен дамуына негiз болатын факторларды анықтай алды.






