Орталық және Шығыс Қазақстан теңге балығының Gobio өкiлi (Pisces: Cyprinidae): сипаттамасы, систематикасы және зерттелуiнiң қазiргi жағдайы


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • Д.А. Тағаев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • А.Т. Жапарова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кілт сөздер:

Gobio, Cyprinidae, таксономия, Қазақстан ихтиофаунасы, теңге балықтар

Аңдатпа

Қазақстан суқоймаларында тұщы сулардың ихтиофаунасын зерттеудiң қазiргi жағдайы оның шынайы
әртүрлiлiгiн бағалауға мүмкiндiк бермейдi. Теңге балығының Gobio өкiлi ерекше немесе өзгеше болып табылмайды,
олардың таксономиясы мен филогенетикалық байланыстары нашар зерттелген, бұл балықтар соңғы кездерi
ихтиологтардың қызығушылығын тудыруда.
Бұл шолу мақаласында Орталық және Шығыс Қазақстаннан алынған теңге балықтарының Gobio өкiлiне сипаттама
мен систематикасының мәселелерi, сондай-ақ олар жайлы қазiргi заманғы ақпарат берiлген. Әдебиет көздерiнiң
талдауы нәтижесiнде осы аймақтағы теңге балықтарының биологиясы, туыстық жағдайы және систематикалық
деректердiң жеткiлiксiздiгi анықталды. Қазiргi уақытта олардың таксономиясын қайта қарау қажет, сондай-ақ
қазақстандық ихтиофауна өкiлдерiнiң биологиясының әртүрлi аспектiлерiн толығырақ зерттеу қажет.

Жарияланды

2026-06-14

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Тағаев, Д. ., & Жапарова, А. . (2026). Орталық және Шығыс Қазақстан теңге балығының Gobio өкiлi (Pisces: Cyprinidae): сипаттамасы, систематикасы және зерттелуiнiң қазiргi жағдайы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 124(3), 90–96. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/1032

Журналдың саны

Бөлім

Статьи