Доңызтау флорасы мен өсiмдiктерiн зерттеу тарихы
Қаралымдар: 6 / PDF жүктеулері: 1
Кілт сөздер:
Доңызтау табиғаты, флора, өсiмдiктер, тарихАңдатпа
Өсiмдiк жамылғысын зерттеу тарихына талдау жасамай, флораның қазiргi құрылымын зерттеу мүмкiн
емес. Мақалада Доңызтаудың өсiмдiк жамылғысын зерттеудiң тарихи аспектiсi көрсетiлiп, сол аудан флорасына зерттеу
жүргiзген ғалымдардың еңбектерiне талдау жүргiзiлген.
Доңызтау Ақтөбе облысы, Байғанин ауданының территориясының оңтүстiк бөлiгiнде орналасқан. Доңызтау шоқысы
Үстiрттiң солтүстiк шоқыларының бөлiгi ретiнде қарастырылып, флористикалық аудандастыру бойынша 13.Солтүстiк
Үстiрт ауданына жатады. Көптеген ғалымдардың Үстiрт флорасын зерттеу жұмыстарында Доңызтаудың өсiмдiк
жамылғысы туралы жалпы мәлiметтердi көруге болады. Бiрақ Доңызтауда арнайы флористикалық зерттеулер толық
жүргiзiлмеген. Мақалада берiлген мәлiметтер болашақ жүргiзiлетiн зерттеу жұмыстарына негiз бола алады.






