Павлодар қаласындағы төменгi сынып оқушыларының морфологиялық жағдайы
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
морфологиялық даму, антропометриялық көрсеткiштер, оқушылардың денсаулығы, физикалық дамуы, дене өлшемдерiАңдатпа
Өсу ағзасындағы физиологиялық процестердiң ерекшелiктерiн зерттеуге көп көңiл бөлiнедi, себебi
балалар мен жасөспiрiмдердiң денсаулығын қалыптастыру және қорғау кез-келген мемлекеттiң басты мiндетi. Осы
зерттеудiң мақсаты- Павлодар қаласы жағдайында төменгi буын мектеп жасындағы балалардың морфологиялық даму
ерекшелiктерiн зерттеу болып табылады.
Павлодар қаласында 9-11 жас аралығындағы мектеп оқушыларының (ұлдар мен қыздардың) антропометриялық
параметрлерi зерттелдi. Бойы /дене ұзындығы/ (ДҰ), дене салмағы (ДС), кеуде қуысының аумағының (КҚА)
көрсеткiштерi зерттелiндi, Кетле индексi (ИК) және стении индексi (СИ) есептелiндi.
Ұлдар мен қыздардың физикалық дамуындағы айырмашылықтар анықталды. Осылайша, бойы мен дене салмағы
көрсеткiштерi бойынша 9-10 жас аралығында ұлдар қыздарды басып озады, 11 жастағы қыздар параметрлер көрсеткiшi
бойынша көп мағына бередi, қатарларымен салыстырғанда пубертатты кезеңге өте ерте өтуiмен түсiндiрiледi. Кетле
және стении индексi сияқты көрсеткiштер үшiн нақты жыныстық айырмашылықтар тек 9 жаста ғана байқалды.
Осылайша, 9-11 жастағы ұлдар мен қыздардың физикалық дамуын зерттеу антропометриялық көрсеткiштердiк
онтогенезiнде ұлғаюын көрсеттi. Өсу процестерiн сипаттайтын екi жыныстағы салыстырмалы жастағы Кетле индексiнiң
өсуi анықталды. Онтогенездегi стении индексi екi жыныста да төмендедi.






